Көксутөбе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Көксутөбе – ежелгі дәуірден және орта ғасырлардан сақталған қоныс орны (1 – 12 ғ-лар). Шардара ауданына қарасты Көксу қосалқы шаруышылығының маңында орналасқан. Көксутөбені 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Кейін 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан педогикалық институты жанындағы археологиялық отряд (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеу жұмысын жалғастырды. Қазіргі сақталған қалпы – тік төрт бұрышты төбе. Өлшемі: солтүстік бағыттары бойынша 120 м, батыс-шығыс бағыттары бойынша 160 м. Биіктігі 1,5 – 2 м. Төбенің ортасында ауданы 35x45 м2, биіктігі 8 – 9 м жер бар. Көксутөбенің батыс іргесінен басқа іргелерінің сыртқы ені 35 м ормен қоршалған. Табылған заттар (қыш ыдыстар) Көксутқбені мекендеген халықтың 1 – 12 ғасырларда өмір сүргендігін дәлелдейді. Көксутөбе ескі керуен жолының бойында сауда-саттық қатынастардың қажетін өтеп отырған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960;
  • Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область, А.-А., 1994.

[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том