Көкпекті (өзен, Абай облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көкпекті
Сипаттамасы
Ұзындығы 206 км
Су алабының
ауданы
9030 км²
Су алабы Ертіс өзені
Су ағысы
Бастауы Тарбағатайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі Сарытау, Қайрақты таулары
 • Координаттары 48°32′57″ с. е. 81°04′00″ ш. б. / 48.54917° с. е. 81.06667° ш. б. / 48.54917; 81.06667 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Зайсан көлінің батысы
 • Координаттары 48°14′42″ с. е. 83°02′25″ ш. б. / 48.24500° с. е. 83.04028° ш. б. / 48.24500; 83.04028 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°14′42″ с. е. 83°02′25″ ш. б. / 48.24500° с. е. 83.04028° ш. б. / 48.24500; 83.04028 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Абай облысы Көкпекті ауданы
 Басқа мағыналар үшін Көкпекті деген бетті қараңыз.

КөкпектіЕртіс алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Абай облысының Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 206 км, су жиналатын алабы 9030 км2.

Бастауын Тарбағатайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі Сарытау, Қайрақты тауларынан алып, Зайсан көлінің батысына құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңғары кең (0,3 – 0,6 км). Су жайылмасы орта ағысында 80 м-ден 400 м-ге, төменгі ағысында 6 – 7 км-ге дейін жетеді. Жағалауы құмды-сазды, тіктеу жарқабақты (2 м), кейбір тұсы гранитті тік жарлы. Көкпектінің жалпы ұзындығы 126 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері: Кіндікті, Қарасу, Тамды, Шігілік, т.б. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Көкпекті ауылы тұсында 4,31 м3./с. Шабақ, аққайран, сазан, қарабалық, т.б. балықтар бар. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Жайылмасы шабындық.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]