Көкектер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бозғылт көкектің бейнеленуі (Cacomantis pallidus)

Көкектер (лат. Cuculіdae) – көкектәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жоғарғы эоценнен белгілі. Жер шарында кең тараған 39 туысы, 129 түрі белгілі. Дене тұрқы 15 – 70 см. Көкектердің көпшілік түрі моногамды. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкектер (Cuculus canorus) және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкектер (Cuculus saturatus) бар. Дене тұрқы 25 – 40 см. Қауырсыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты (екі-екіден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бейім. Көкектертер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкектер балапаны жұмыртқадан шығысымен-ақ ұядағы басқа балапандарды немесе жұмыртқаларды ұядан бір-бірлеп құлата бастайды. Бұған оны итермелеуші – табиғи түйсігі (инстинкт). Көкектер балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер негізінен зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкектерді халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады. Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, Көкектер шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көне атауының көкек деп те аталуы осыған байланысты[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]