Кәмен Қанапин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Кәмен Қанапин
Дүниеге келгені: 10.8.1940
Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылту ауылы
Мансабы: ауыл шаруашылық ғылым доктор (1991), профессор (1995)

Кәмен Қанапин (10.8.1940 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылту ауылы) – ауыл шаруашылық ғылым доктор (1991), профессор (1995). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншы-тағай бұтағынан шыққан. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1997). Алматы зоотехика-малдәрігерлік институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Бетпақдала қой шаруашылық тәжірибе станциянда кіші ғылым қызметкер, бас зоотехник, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1964–73), Моңғолия ауыл шаруашылық министрлігінде қой малын дамыту жөнінде кеңесші (1973–75), Қазақ қой шаруашылық ғылым-зертеу технология институтында аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі (1975–2004) болды. 2004 жылдан селекциялық генетика орталығының бастығы қызметін атқарады. Қанапиннің жетекшілігімен құйрықты қойдың екі тұқымы және бір тұқымдық сүлесі шығарылды. 150-ден астам ғылым жарияланымның, 2 монографияның авторы. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том