Кәмен Оразалин
Кәмен Оразалин (1920-2008) - 1920 жылдың 16 маусымында Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған. Белгілі жазушы, әртүрлі жанрда жазылған көркем шығармалардың авторы, қоғам қайраткері, Абайтану ғылымының негізін салушы, «Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім» атағын алғашқылардың бірі болып алған ұстаз, бірнеше жоғары дәрежелі Үкімет наградаларының иегері, «Октябрь революциясы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» және «Отан соғысы» ордендерімен, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін «Парасат» орденімен марапатталған.Кәмен Оразалин 2008 жылы наурыз айында дүниеден өтті. [1][2]
Шығармалары:
- Абайдан соң: Роман.-Алматы: Жазушы, 2-кітап.1987, 3-кітап. 1989, 4-кітап.1995
- Абай ауылына саяхат.-Алматы: Жалын.-1994.-288 б.
- Абайдан соңғы арыстар: Роман. 1 кітап.-Алматы:Елорда,2002.-464 б.; 2 кітап.-2003.-504 б.; 3 кітап.- 2004.-584 б.
- Ақ жазық: Роман.-Алматы, 1959.
- Аттаныс: Роман, повесть.-Алматы: жазушы, 1985.-528 б.
- Жексен: Повесть.-Алматы. 1950.-218 б.
- Көктем салқыны.-Алматы: Жазушы,1980.-478 б.
Абай Құнанбайұлы туралы шығармалары:
- «Данышпан ақын» («Екпінді», 1939, 30- маусым),
- «Абай аулында» («Совхоз туы», 1964, 11- 28 қараша),
- «Абай туралы»(«Қазақ әдебиеті», 1963, 6-қыркүйек),
- «Абай» қолжазба журналы туралы» («Қазақстан мектебі», 1961, №9) т. б. мақалалары
Жазушы туралы еңбектер:
- Әдебиетшілердің ақылшы ағасы еді // Семей таңы.-2008.-27 наурыз.-9 б.
- Бәшей К. Шығыстың шымыр ақсақалы // Арна.-2000.-4 тамыз.-19 б.
- Біржанқызы М. Ұмытылмас бейне // Арна.-2000.-4 тамыз.-19 б.
- Қабдолов З. Аға туралы сөз // Семей таңы.-1980.-11 шілде.
- Қабдолов З. Ар бол, бар бол, аға! // Арна.-2000.-4 тамыз
- Кемелбаева А. Қалам құдіретімен… //Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.
- Кемелбаева А. Қараорда Қарауылдың абызы еді: (Жазушы туралы естелік) // Егемен Қазақстан.-2009.-18 наурыз.-5
- Көркембаев Р. Сергек ойлы қаламгер // Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.
- Сапаев Ғ. Ұлылардың шапағаты // Арна.-2000.-4 тамыз.-18 б.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |