Күйші (поэма)
Күйші — Ілияс Жансүгіровтың 1934 жылы жазылған романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік поэмасы. Поэма жеті тараудан тұрады. Қара өлең ұйқасына құрылған , 11 буынды , 4 тармақты туынды.
Қысқаша мазмұны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады.
Шығарма кейіпкерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кене хан
- Күйші жігіт
- Қарашаш
- Сапақ
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ әдебиеті, Алматы «Рауан » 1994
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]https://kitap.kz/audio-book/kuishy-audiobook-ylias
|