Кускустар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кускустар
Trichosurus vulpecula
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Кіші жамағаты: Vertebrata
Табы: Mammalia
Ықшам табы: Marsupialia
Сабы: Қос күрек тістілер
Ұлы тұқымдасы: Phalangeroidea
Тұқымдасы: Phalangeridae
Екі-есімді атауы
Phalangeridae

Кускустар (лат. Phalangeridae) – қалталыларға жататын кең пейілді томпиған сүтқоректі жануарлар.


Кейде оларды 3 тұқымдастарға бөледі. Дене ұзындығы 6 дан 82 см дейін. Құйрығы ұстауға бейімделген, бірақ кейбір түрлерінің құйрығы жетілмеген. Аяқтарының тырнақтары өте қайқы, мықты, қатты ұстауға икемделген. Бірінші, кейде екінші бақайшақтары басқа бақайшақтарына қарама—қарсы жаратылған. Артқы аяқтары, екінші және үшінші бақайшақтары арасында тері жарғағы бар. Кейде артқы және алдыңғы аяқтары тері жарғағымен қосылған. Бүл оларға секіргенде ауада қалқып ұшуға мүмкіндік береді. Тұқым өсіріп—шығару қалталары алдыңғы жаққа қарап ашылған. Емшек үрпісі 2—4. 14 туыс, 43 түрі белгілі. Негізінен Австралия мен Тасманияда таралған. Орманды және биік тауды, (4000 м дейін) мекендейді. Көпшілігі ағашта, өрмелеп өмір сүреді. Өсімдікпен қоректенеді, ал олардың арасында жәндіктермен және талғаусыз қоректенетіндері бар. Жылына бір—екі рет 1—4 бала табады. 1 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3