Куросио

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Куросио (айрық) деген бетті қараңыз.
Куросио ағысы (№ 1)
Оясио және Куросио ағыстары
Тынық мұхиттың солтүстік аймағындағы ағыстар схемасы

Куроси́о (жапон. 黒潮, «қара ағыс») — Тынық мұхиттағы жылы ағыс, Жапонияның оңтүстік және шығыс жағалауында. Солтүстік Пассат ағысының жалғасы. 36° с.е. пен 150° ш.б. тұсында шығысқа ауытқып, Солтүстік Тынық мұхит ағысына айналады. Куросионың бұл тұстағы тармағы солтүстікке қарай ағып, 40° с.е-ке таяу маңда Курил суық ағысына қосылады. Сиономисаки мүйісінен оңтүстікке қарай Куросионың ені 170 км-дей, тереңдігі 70 м-ге жетеді. Суының температурасы тамызда оңтүстігінде 28°С, солтүстігінде 25°С, ақпанда оңтүстігінде 18°С, солтүстігінде 12°С. Ағыстың жылдамдығы 1-6 км/сағ. Солтүстік-батыстан соғатын суық желдердің әсерінен Куросио температурасының жылдық ауытқуы 9°С-қа (Сиономисаки мүйісі тұсында) жетеді. Атлант мұхитындағы Гольфстрим сияқты Тынық мұхиттағы Куросио да жылы ағыстар жүйесін құрайды. Бұл Тынық мұхиттың солтүстік бөлігінің климатына, гидрология жағдайына үлкен әсер етіп отырады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан» энциклопедиясы