Красногор ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Аудан
Красногор ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ АКСР

Кіреді

Алматы облысы, Жамбыл облысы

Әкімшілік орталығы

Красногорка, Отар

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1935, 1973

Таратылған уақыты

1957, 1988

Тұрғындары
Тұрғыны

29 634 адам (1979)

Красногор ауданы — 1935-1957, 1973-1988 жылдары болған Қазақ КСР-нің (1936 жылға дейін — Қазақ АКСР) Алматы, Жамбыл облыстарының әкімшілік бірлігі. Орталығы — Отар кенті.

Красногор ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Алматы облысының құрамында құрылды. 1939 жылы 14 қазанда жаңадан құрылған Жамбыл облысына берілді.[1]

1941 жылы Отар елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.

1951 жылдың 1 қаңтарына қарай аудан құрамына Отар жұмысшы кенті және 7 ауылдық кеңес кірді: Ақтерек, Бірік, Ворошилов, Жаманты, Красногор, Красно-Октябрь, Ұмтыл.

1954 жылы Жаманты ауылдық кеңесі Ақтерек ауылдық кеңесіне қосылды.

1956 жылы «Красногор» астық кеңшарының орталығында Аңырақай ауылдық кеңесі құрылды.

1957 жылы 26 қыркүйекте Красногор ауданы таратылып, Қордай ауданына қосылды.[2]

1973 жылы Красногор ауданы екінші мәрте құрылды.

1988 жылы Красногор ауданы таратылып, Қордай ауданының құрамына қайтарылды.[3]

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 6 ауылдық, 3 кенттік кеңес пен 20 елді мекен болған:[4]

Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері
Алға ауылдық кеңесі Ырғайты ауылы Сарыбастау, Шарбақты, Ырғайты
Гвардейский кенттік кеңесі Гвардейский кенті Гвардейский
Жаңатұрмыс ауылдық кеңесі Жаңатұрмыс ауылы Алға, Жаңатұрмыс, Көкадыр
Кенен ауылдық кеңесі Кенен ауылы Белашово, Кенен
Красногор ауылдық кеңесі Красногорка ауылы Красногорка
Қордай кенттік кеңесі Қордай кенті Қордай
Малоархангельск ауылдық кеңесі Малоархангельское ауылы Горноникольское, Малоархангельское
Отар кенттік кеңесі Отар кенті Аңырақай, Бел, Қордай, Құлжабасы, Отар, Шыңырау
Сарыбұлақ ауылдық кеңесі Қордай кенті Соғанды
1939 1979[5]
 14160 29634

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.
  2. Ведомости Верховного Совета СССР. № 23 (890), 1957 г.
  3. Жамбыл облысының тарихы
  4. Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
  5. Ресей империясы,  КСРО халық санақтары