Коллектор
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/01/%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B9_%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80_%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%B4.jpg/250px-%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B9_%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80_%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%B4.jpg)
Коллектор (лат. collector – жинаушы), 1) электрмашина Коллекторы – электр машинасының зәкірімен (роторымен) біртұтас жасалған жиілік түрлендіргіш механикалық құрылғы (қараңыз [1]); 2) шала өткізгішті приборлардағы Коллектор – базадан заряд тасушылардың басым бөлігі жиналатын шала өткізгіш прибордың (биполярлы транзистор, т.б.) бір бөлігі; 3) жер құрғатудағы Коллектор – құрғату тораптарының реттегіш бөлігінен суларды қабылдап алып, оларды құрғатылатын атыраптан сыртқа алып кететін су ағызу құбыры немесе арна; 4) канализациялық Коллектор – канализация жүйелеріндегі сарқынды суларды жинағыш канализация тораптарының бір бөлігі; 5) байланыс кабельдерін (кабельдік Коллектор) және түрлі бағытқа су, газ және т.б. (жалпы Коллектор) тасымалдағыш құбырларды төсеуге арналған жер асты галереясы; 6) кейбір техикалық қондырғылардың құрамдас бөліктері (мысалы, іштен жану қозғалтқыштарының шығару және кіргізу Коллекторлары).[2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Зәкір
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |