Коктейль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Коктейль

Коктейль — әртүрлі ликер-арақ өнімдері, жүзім шараптары, коньяк, ром, шырындар, жеміс-жидектер, қаймақ, жұмыртқа, бал қоспаларынан әзірленетін ішімдік.[1] Әдетте коктейльдер ашық және әр алуан түсті болып келеді. Қолданылу мақсатына қарай коктейльді ащы (ішімдік орнына) және десертті (десертке береді) етіп әзірлейді. Коктейльді арнайы металл ыдыста араластырады. Оның орнына термосты да пайдалануға болады. Кейбір коктейльдер мұқият араластыруды қажет етпейді, оларды тікелей бокалдарда немесе фужерлерде әзірлейді. Коктейль миксерде өте тез және оңай дайындалады.[2]

Коктейль (ағыл. cocktail — шығу тегі таласқа түсуде) - бірнеше сұйықтықты қосу нәтижесінде алынатын сусын. Коктейльдің алкогольді (алкогольді бір немесе бірнеше ішімдіктер) және алкогольсіз түрлері бар. Кейде коктейль ішілетін кештер де "коктейльдер" деп аталады. Мұндай кештер көбіне дипломатиялық және элиталық орталарда өткізіледі.

Алкогольді коктейльдерді джин, виски немесе ром негізінде жасайды, ал соңғы кездері арақ пен текила негізді коктейльдер танымал болуда. Осыдан басқа, қосындылар ретінде, сан қилы ликерлер, бал, сүт (немесе кілегей), қоспалар және т.б. пайдаланылады. Қоспалы өзге сусындардай емес, коктейльдерде барлық құрауыштардың мөлшерін дәлме-дәл көрсету болмайды. Тек негізгі бөліктердің пропорциясын ғана (½,¼,¾ және т.б.) көрсетеді. Бір коктейльдің мөлшері әдетте 75-100 мл (лонгдринктерге қатысы жоқ) болады.

Дайындау әдістері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Коктейльдің құрамына кіретін заттардың бір-бірімен араласу деңгейіне байланысты барлық қосындылар төмендегі әдістер бойынша жасалады:

  • шейкерде араластыру;
  • блендерде араластыру;
  • араластыруға арналған стақанда дайындау;
  • бокалдың өзінде араластыру;

Коктейль құйылған бокалдар әдетте лимон немесе өзгедей цитруспен безендіріледі немесе кішкентай сабан талымен қоса беріледі.

Коктейль түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алкогольді коктейльдер әдетте 3 үлкен топқа бөлінеді:

  • Дижестивтер (от лат. digestivus — «ас қорытуға арналған құрал») - олар әдетте тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін ұсынылады, дәмі тәтті немесе қышқыл болып келеді;
  • Аперитивтер (фр. Apéritif, от лат. aperīre «ашу») - тамақ алдында ішілетін, өте күшті түрі;
  • Лонг - дринк (ағыл. long drink — «ұзақ жұтым») - балғын коктельдер, әдетте үлкен кештерде беріледі.

Сондай-ақ көптеген дәстүрлі коктейль (пунш және флип, XVII ғасырдан бері тарихы бар) түрлерімен қатар жаңа танымал болып келе жатқан кабаттық коктейльдер, пунш, флип, хайболл, кобблер, коллинз, джулеп (ағыл. Julep), сауэр, эгг-ног секілді т.б. коктейль түрлері бар. Уақыт өткен сайын коктейльдер құрамы мен түрлері ауысуы мүмкін, мысалы, эгг-ног флиптен кілегей қосумен ерекшеленсе, ал соңғы он жылдықта кілегей көптеген коктейльдердің құрамына тұрақты түрде қосылуда. Белгілі бір түрлеріне байланысты коктейльдер негізіне қарай, мысалы, арақ, джин, виски, бренди, текила, ром, ликер, шарап, шампан және сыраға негізделе отырып ерекшеленуі мүмкін.

Алкогольсіз коктейльдердің ішіндегі ең танымалы сүт немесе шырын негізіндегі коктейль түрлері. Моктейль (mocktail) - бұл алкогольсіз коктейльдің белгілі бір түрі болып саналады. Әсіресе Үндістан мен АҚШ-та өте танымал.

Арақ негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Кровавая Мэри
  • Отвёртка — арақ пен апельсин шырыны араласқан коктейль;
  • Ёрш — арақ пен сыра араласқан коктейль;
  • Кровавая Мэри — арақ, томат шырыны, «Табаско» соусы, Вустерс соусы, тұз, бұрыш, лимон шырыны араласқан коктейль;
  • Roberta — арақ, спиртсіз мартини, мараскино, кампари және банан ликері араласқан мұзды коктейль;
  • Белый русский — арақ, кофе ликері, кілегей араласқан коктейль;
  • Черный русский — арақ, кофе ликері араласқан мұзды коктейль;
  • Лонг-Айленд — арақ, джин, текила мен ромның бірдей мөлшері және апельсин ликері, кола араласқан мұзды коктейль;
  • Космополитен — арақ, трипл-сек, лайм шырыны, мүкжидек шырыны араласқан коктейль;
  • Накипь (коктейль) — арақ, Sсhweppes, шие шырыны араласқан коктейль;
  • Северное сияние (коктейль) — арақ, шампан араласқан коктейль;

Джин негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мартини
  • Джин-тоник
  • Веспер — Джеймс Бонд коктейлі;
  • Мартини
  • Лонг-Айленд — арақ, джин, текила мен ромның бірдей мөлшері; апельсин ликері, кола араласқан мұзды коктейль;

Виски негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ирландтық автомобиль бомбасы.

Абсент негізіндегі коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қызыл сайтан
  • Жер сілкінісі (ағыл. Earthquake)
  • Жасыл Веспер (ағыл. Green Vesper)
  • Маймыл Гландасы (ағыл. The Monkey Gland)
  • Сазерак (ағыл. Sazerac)

Бренди немесе коньяк негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бренди "Александр"
  • B & B
  • Бленхейм (ағыл. The Blenheim)
  • Балалайка — коньяк және арақ (Кеңес одағында бұл коктейль "Мәскеу оттары"(Московские огни) деген атпен аталған) араласқан коктейль;
  • Александр
  • IBA
  • Манхэттен Бренди (ағыл. Brandy Manhattan)
  • Цюрих Кафесі (ағыл. Cafe Zürich)
  • Кір Ана (ағыл. Dirty Mother) — бренди және Kahlúa араласқан коктейль;
  • Кір Ақ Ана (ағыл. Dirty White Mother) — бренди, Kahlúa және кілегей араласқан коктейль;
  • Риц
  • Сайдкар
  • Crunk Juice
  • Джек Роуз (ағыл. Jack Rose)
  • Сегізінші Ондық (ағыл. Four Score)
  • Француздық байланысшы (ағыл. French Connection).

Ром негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мохито
  • Дайкири
  • Зомби — ашық ром, алтын ром, қара ром, ананас шырыны, папайи шырыны, қант, өрік ликері араласқан коктейль;
  • Маи Таи
  • Мохито — ром, жалбыз, лайм, сельтерлік, қант араласқан коктейль;
  • Кайпиринья
  • Куба либре — ашық ром, кока-кола араласқан коктейль;
  • Пинаколада — ром, ананас шырыны, кокос сүті араласқан коктейль;
  • Лонг-Айленд — арақ, джин, текила мен ромның бірдей мөлшері; апельсин ликері, кола араласқан мұзды коктейль;

Шарап негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кир (коктейль)

Шампан негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Беллини
  • Беллини — шымырлайтын шарап және балғын шабдалы езбесі араласқан коктейль;
  • Мимоза — шампан мен апельсин шырыны араласқан коктейль;
  • Россини — шымырлайтын шарап пен балғын құлпынай езбесі араласқан коктейль;
  • Тинторетто — шымырлайтын шарап пен анар шырыны араласқан коктейль;
  • Спритц — шымырлайтын немесе спиртсіз ақ шарап, Аперол немесе Кампари тұнбалары және сода араласқан коктейль;

Текила негізді коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Маргарита
  • Маргарита — текила, трипл-сек, цитрус тектестер шырыны
  • Текила санрайз
  • Лонг-Айленд — арақ, джин, текила мен ромның бірдей мөлшері; апельсин ликері, кола араласқан мұзды коктейль;[3].

Оттегілік коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оттегілік коктейльдер - оттегі мен шырындарға шипалы шөптерден жасалған тұнбалар қосылған көбік. Оттегілік коктейльдер көптеген аурулар мен адамның жалпы ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін арнайы жасалатын сусын болып табылады. Қазіргі таңда ол жастар арасында үлкен сұранысқа ие[3].

Ақуыздық коктейльдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақуыздық коктейльдер соя мен сүттің ақуыздарынан, сонымен қатар көміртектер мен майлардан тұрады. Дегенмен бұл коктейльдегі майлар мен көміртектер мөлшері адамға тәулігіне қажетті нормадан әлдеқайда аз мөлшерде болады. Сонымен қатар коктейль құрамында қажетті витаминдер мен минералдар да бар және адамға қажетті мөлшерде қосылған. Бұл коктейльдерді көбіне диета ұстағысы келетін әйелдер пайдаланады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  3. a b c http://ru.wikipedia.org Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "source1" defined multiple times with different content