Кельтибериялықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Боторритадан келген қорғасын таблеткасы, кельтибер тілінде жазылған

Кельтибериялықтар (лат. Celtiberi, көне грекше: Κελτίβηρες) — Римге дейінгі кезеңдегі Испания мен Португалиядағы орталық және солтүстіктегі тайпалар тобы. Кельтибериялықтар атауы олардың мәдениетінде кельт және ибериялық элементтердің бар екенін көрсетеді. Кельтибериялықтар кельттер мен ибериялықтар аралас болды ма, әлде олар осы екі топтың бірі екіншісінен маңызды мәдени әсерге ие болды ма, белгісіз. Олардың тәуелсіз тарихы қаншаға созылғаны да белгісіз.

Кең таралған қателік — «кельтибериялықтар» терминін испан-кельт тілдерінде сөйлеген Рим дәуіріне дейінгі Пиреней түбегінің барлық халықтарына тарату.[1] Бұл қателік тек кельтибериялықтардың Пиреней түбегінің салыстырмалы түрде аз бөлігін алып жатқанымен, жазба ескерткіштерді қалдырғандығына байланысты.

Ежелгі авторлар кельтиберліктерді соғысқұмар халық деп сипаттаған. Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда кельтибериялықтарды римдіктер жаулап алды. Кельтибериялық мұра Испанияның Галисия провинциясында кездеседі. Кельтибериялық тілінің жазба ескерткіштері сақталған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әсіресе орыс тілді әдебиетте: мысалы қараңыз. Королёв А. А. Кельтиберский язык // Языки мира. Германские языки. Кельтские языки. М.: Academia, 2000. Стр. 449—452.

Әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Циркин Ю. Б. Ежелгі Испанияның тарихы. — СПб.: Филологический факультет СПбГУ; Нестор-История, 2011. — 432 с. — (Тарихи кітапхана). — 500 экз. — ISBN 978-5-8465-1009-8.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]