Квазарлар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Квазарлар (ағылш. quasar, quasіstellar radіosourseрадиосәуленің квазижұлдыздық көзі), квазижұлдыздық нысандар, квазижұлдыздар, асқын жұлдыздароптикалық түрі жағынан жұлдыздарға, ал спектрінің сипаты жағынан газ тұмандықтарына ұқсас және спектрінде қызылға ығысу құбылысы байқалатын аспан нысандары. Соңғы қасиеті квазарлардың астрофизика мен космологиядағы маңызды рөлін көрсетеді.Квазарлар галактикадан тыс жерлердегі радиосәуле көзінің координаттарын анықтаудың дәлдігін жоғарылату нәтижесінде ашылды. Бұл радиотолқын көздерінің санын едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Радиотолқын көзінің жұлдыз тәрізді нысанға сәйкес келетіндігі 1960 жылы анықталды. Ал 1963 жылы америкалық астроном М.Шмидт осындай нысандардың спектрлік сызықтары спектрдің қызыл жағына қарай ығысатындығын анықтап, оларды ғарыштық нысандардың ерекше класына – квазарларға бөлді. Сонымен, алғашында күшті радиотолқын көздері болып табылатын квазарлар анықталса, кейінірек әлсіз радиосәулесін шығаратын квазарлардың да бар екендігі белгілі болды (анықтауға болатын барлық квазарлардың 98,8%-і). Квазарлардың мұндай түрлері радиотыныштықтағы квазарлар, квазигалактикалар (квазагалар), интерлопералар деп, кейде көгілдір жұлдыз тәрізді нысандар деп аталады. Бақылауға болатын квазарлардың толық саны 105 шамасында.Квазарлардың спектрінде спектрдің қызыл жағына қарай едәуір ығысқан, күшті ультракүлгін сәуле мен жарқыраған жалпақ сызықтар байқалады. Бұл құбылыс температурасы жоғары (3000С шамасында) газ тұмандықтарына тән. Қызыл ығысуы 1,7-ден артқанда квазарлар спектрінде тіпті сутектің резонанстық сызығы айқын көрінеді. L 1216 7 К-ды қоршап тұрған галактикааралық газда жарықтың жұтылуы нәтижесінде, квазарлар спектрінде кейде жіңішке қара сызықтар байқалады. Квазарлар суретке түсірілген кезде жұлдыз тәрізді болып көрінеді. Олардың бұрыштық диаметрі 1-ке дейін барады. Тек жақынырақ квазарларда ғана оптикалық ерекшеліктерді (жұлдыз тәрізді кескінінің эллипс пішіндес екендігін және оның газ атқылап тұратындығын) байқауға болады. Күшті ультракүлгін сәуле шығаруы бойынша фотосуреттегі квазарларды қалыпты жұлдыздардан, ал артық инфрақызыл сәуле шығаруы бойынша ақ ергежейлі жұлдыздардан ажыратуға болады. Көптеген квазарлардың жалтырау вариациялары олардың негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады (ең қысқа вариациясының периоды 1 сағ, жалтырауының ең көп өзгеруі 25 есе). Жалтырауы құбылып тұратын нысанның мөлшері ct-дан (сжарық жылдамдығы) артпайтындықтан, квазарлардың мөлшері 41012 м-ден аспайды (Уран орбитасының диаметрінен кіші), тек зат жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалған жағдайда ғана бұл мөлшерден артық болуы мүмкін.

Қызыл ауытқу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Квазарлардың ең таңқалдырарлық қасиеті- спектрлардағы түзулердің қызыл түбіне ауытқу. Бұл құбылыс өте жылдам және Доплер заңдарына сәйкес жүреді. Бұны ең алдымен 1963 жылы Хейл обсерваториясындағы М.Шмидт тапты. Құбылысты зерттеп, квазарлар спектрларындағы түзулер атом түзулері екенін біліп, доплерлық ауытқу нәтижесінде болатынын дәлелдеді.

Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы, 4-том

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Quasars