Каньон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Юта штатындағы Зайон каньоны

Каньондар (ис. cañón «құбыр, шатқал») — өте тік, көбінесе тік құз немесе сатылы беткейлі, тек өзен ғана ағып өтерлік тар түпті, терең өзен аңғарлары.

Басқа анықтамаға сәйкес[1]: каньон — өзендердің жуып-шаюынан пайда болған терең, тар әрі беткейлері тік өзен аңғарлары. Каньон бүйірлік эрозия әлсіз, ал тереңдік эрозия басым болған жағдайда пайда болады. Тығыздығы әр түрлі, қабат жыныстардан құралған аймақтарда каньон аңғары сатыланып келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен каньон – Солтүстік Америкадағы Колорадо өзенінде. Оның тереңдігі 1800 м, ұзындығы шамамен 380 км. ҚазақстандаІле өзенінің саласы – Шарын өз. бойында кездеседі. Каньон теңіздер мен мұхит түбінде де қалыптасады.

Партнах өзенінің каньоны. Гармиш-Партенкирхендегі Альпі

Кейбір Каньондардың тереңдігі жүздеген тіпті мындаған метрмен өлшенуі мүмкін. Мысалы, Колорадо каньонының тереңдігі 2 км.[2] Каньондар көбінесе кұрғақ континенттік климатты аудандарда қарқынды тереңдік эрозияның және арналық ағыстың беткей астын қаза шаюынан пайда болады.

Қарқынды көтерілуге ұшыраған тауларға немесе горизонталь жатысты жарықтары бар су өткізгіш тау жыныстарынан (оқтас, құмтас, лесс) және лавалық жамылғылардан (базальт) тұратын биік үстірттерге тон. Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.

Ірі каньондар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2