Камардин Бектұрсынұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Камардин Бектұрсынұлы[1] (1937-2003) 20 желтоқсанда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында туған. Шымкент педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 19571961 жылдары клуб меңгерушісі және жастар ұйымының жетекшісі болған. 1961 жылы ауылындағы орта мектепте ұстаздық қызметін бастады. 1965-1990 жылдары Шұбардағы кәсіптік-техникалық училищеде ширек ғасыр дәріс берді. 1990 жылдан Ордабасы аудандық «Қазақ тілі қоғамы» ұйымының төрағасы болған.

1956 жылы «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында бір топ өлеңдері жарық көрді. 1960 жылы бір топ өлеңдері облыс ақын-жазушыларының «Оңтүстік өңірінде» жинағвіна енді. «Үміт сапары» (1975) атты тұңғыш жинағы «Жалын» баспасынан шықты. «Бір сыр бар» (1996), «Мың бір ой» (2001), «Амалбекке арналған», «Зерлі досқа шерлі сыр», «Әкеммен әңгіме», «Қай аувілда жүрсің сен?» (2003) кітаптары жарық көрген.[2]

Қазақ КСР кәсіптік-техникалық білім беру ісінің озаты атағы берілді (1987).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
  2. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6