Йозеф Масопуст

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Йозеф Масопуст Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

9 ақпан 1931 (1931-02-09)

Туған жері

Стржимице, Чехословакия

Қайтыс болған күні

29 маусым 2015 (2015-06-29) (84 жас)

Азаматтығы

 Чехословакия

Бойы

174

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1950—1952 Чехословакия Водотехна 54 (10)
1952—1968 Чехословакия Дукла (Прага) 366 (79)
1968—1970 Бельгия Роял Кроссинг 68 (29)
Ұлттық құрамы[* 2]
1954—1966  Чехословакия 63 (10)
Бапкерлік карьерасы
1970—1971 Чехословакия Дукла (Прага) асс.
1971—1973 Чехословакия Дукла (Прага) B
1973—1975 Чехословакия Дукла (Прага)
1975—1976 Чехословакия Дукла (Прага) B
1976—1980 Чехословакия Зброёвка (Брно)
1980—1983 Бельгия Хасселт
1984—1987  Чехословакия
1988—1991  Индонезия-21
1992 Чехия Боби (Брно)
1993—1995 Чехия Пеликан (Дечин)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Йозеф Масопуст (чех. Josef Masopust; 9 ақпан 1931, Стржимице29 маусым 2015, Прага) — чехословакиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының экс-футболшысы және экс-жаттықтырушысы. Чехия футболы тарихындағы ең үздік футболшы[1]. 1962 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

1950 жылы "Водатехна" командасында кәсіби карьерасын бастады. "Виктория Жижковқа" қарсы өткен алғашқы ойынында-ақ гол соқты, бұл ойында "Водотехна" 4:0 есебімен жеңіске жетті.

1952 жылы "Дукла" сапына ауысты. "Дукла" сапында 16 маусым ойнап, 1968 жылы бельгиялық "Роял Кроссинг" клубына ауысып, екі жылдан соң карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама сапында 1958, 1962 жылы әлем чемпионатына, 1960 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. 1962 жылғы чемпионатта Чехословакия финалға дейін жетті де, Бразилиядан ұтылып қалды. Финалда Масопуст есеп ашты, бірақ кейін Бразилия оған үш доппен жауап берді.

Құрама сапындағы соңғы ойынын 1966 жылы 18 мамырда КСРО-ға қарсы өткізді.

Соңғы жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өмірінің соңғы жылдарын Прагада өткізді. "Менің өткен шағымнан еш белгі қалмады" деді футболшы, себебі, ол ойнаған, жаттықтырған "Дукла" клубы тарап кетті (бірақ кейін қайта құрылды), ол туып-өскен "Стржимице" селосы жойылып кетті, село жойылмауы үшін біраз жерлерге өтініш жасап еді, ешкім тыңдамады. "Теплице" стадионы да бұзылды, қазір ол жерде стадионнан еш белгі жоқ, Чехословакия мемлекет ретінде екіге бөлініп кетті. Өмірінің соңғы жылдарында Чехия футбол ардагерлерінің кеңесіне жұмыс істеді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыншы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дукла (Прага)

  • Чехословакия чемпионы (8): 1953, 1956, 1958, 1961, 1962, 1963, 1964, 1966
  • Чехословакия кубогы (3): 1961, 1965, 1966

Чехословакия құрамасы

  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1960
  • Әлем чемпионатының Вице-чемпионы: 1962

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Зброёвка (Брно)

  • Чехословакия чемпионы: 1978
  • Еуропа Алтын добы: 1962
  • Чехословакияның үздік футболшысы: 1966
  • Әлем чемпионатының күміс добы: 1962
  • 1954—2003 жж Чехияның үздік футболшысы
  • ФИФА 100

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]