Иірсу темір кен орны
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Иірсу темір кен орны - Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы кен орны.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен Мыңшұңқыр антиклиналының орталық бөлігінде төменгі таскөмір кезеңінің әктас пен доломиттерінде шоғырланған.
Жатыс сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кен алаңында қабат, линза және діңгек пішінді 12 кен денесі анықталған. Олардың ұзындығы 170-1700 м, қалыңдығы 6-40 м, тереңдігі 270-700 м-ге дейін.
Минералдары, құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кен минералдары: магнетит, пирит, халькопирит, пирротин, кобальтин, сфалерит, галенит. Кентастағы темірдің мөлшері 30 – 60%, мыстікі 0,32 – 0,93%. Барланған темір кентасының жалпы қоры 327,1 млн. т, мыстікі 260,9 мың т. Кен орны толық барланбаған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |