Ихрам

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ихрам (араб. ©AodA) – 1) мұсылманның қажылыққа, яки умраға барған кезі; 2) қажылық немесе умраға барған адамның киіміне берілген атау. Шариат бойынша, қажының Меккеге жолға шыққанда ихрам киюі уәжіп саналады. Бірақ бұл өте қиын болғандықтан ихрамды, көбінесе, қасиетті жерге жақындаған кезде киеді. Хижазға кемемен барған қажылар Жиддаға келгенде ихрам киеді. Шариатта ихрам кию үшін белгілі бір мекен белгіленген. Бұл жерді “микат” деп атайды. Микат бес жерде орналасқан. Мединеден келетін қажылар үшін – Зул-Хуләйфә, Сирия және Мысырдан келетін қажылар үшін – әл-Жухфа, Нәдждан келетін қажылар үшін – Қарн әл-Мәнәзил, Йеменнен келетіндер үшін – Иәләмләм, Ирактан келетіндерге – Зат Ирк.
Ихрамды кеш киген кісі қажылықтан кейін құрбан шалуы тиіс. Қажылық пен умраға баратын адам алдын ала мынадай шарттарды орындауы қажет: ғұсыл алу; тырнақтарына қына, денелеріне әтір жағу; шаш, тырнақ алу, сақал түзеу. Осыдан кейін тігіссіз арнайы ақ жамылғы киіледі. Бұл жамылғы екі бөлімнен тұрады: 1) белден төмен оралатын мата. Бұл “изар” деп аталады; 2) иық, көкірек және арқаның оң жағынан байланып, үстін жабатын кең мата. Бұны “рида”, байлау тәсілін “уиша” деп атайды. Шариат бойынша мата ақ болуы тиіс.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том