Ирландия (арал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ирландия
ирл. Éire, ағылш. Ireland
Сипаттамасы
Ауданы84 116 км²
Ең биік нүктесі1041 м
Тұрғындар (2016 жыл)6 572 728 адам
Халық тығыздығы78,139 адам/км²
Орналасуы
53°20′ с. е. 8°00′ б. б. / 53.333° с. е. 8.000° б. б. / 53.333; -8.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°20′ с. е. 8°00′ б. б. / 53.333° с. е. 8.000° б. б. / 53.333; -8.000 (G) (O) (Я) (T)
Аралды шаятын акваторияларИрланд теңізі, Атлант мұхиты
Елдер Ирландия
 Ұлыбритания
Ирландия (арал) (Ұлыбритания)
Ирландия
Ирландия (арал) (Ирландия)
Ирландия
Ирландия Ортаққорда

Ирландия (ирл. Éire [ˈeːɾʲə], ағыл. Ireland [ˈaɾlənd], олст.-шотл. Airlann, лат. Hibernia [Иерна]) — үлкендігі жағынан Еуропада үшінші арал (Ұлыбритания мен Исландиядан кейін); екі ірі Британ аралдарынан қарағанда батыста. Арал Ирландия Республикасы мен Біріккен Корольдік (Солтүстік Ирландия) арасында мемлекеттік шекараға бөлінген.

Ирландия мәдениеті басқа мәдениеттерге, әсіресе әдебиет саласында айтарлықтай әсер тигізді. Батыстың негізгі мәдениетімен қатар, гэлдік ойындарда, ирландық музыка мен ирланд тілдерінде көрінетін күшті байырғы мәдениет бар. Арал мәдениеті Ұлыбританиямен, соның ішінде ағылшын тілі, футбол, регби, ат жарысы және гольф секілді көптеген ұқсастықтары бар.

Орналасқан жері мен көлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

6 ° 20 '- 10 ° 20' б. б. және 51 ° 25 '- 55 ° 23' с. е. аралығында орналасқан (шеткі солтүстік нүкте - Инишоуэн түбегінде мыс Малин-Хед). Шығыста Ирланд теңізі, сондай-ақ, Әулие Георгия мен Солтүстік бұғазы, батыста, солтүстікте және оңтүстікте - Атлант мұхиты ұласады. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы шамамен 300 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 450 км. Аралдың аумағы 84,1 мың км² (әлемде 20-орын).

Ирландияның жағалаулары (әсіресе солтүстікте, оңтүстігінде және батысында) жартасты, батысында Голуэй, Шаннон, Дингл және Донегол, солтүстікте Лох-Фойл шығанақтарымен қатты бөлшектенген. Ирландия жағалауларына таяу - көптеген жартасты аралдар бар. Беті негізінен жалпақ, ішкі аймақтарда кең Орталық ойпат орын алады, батыста және шығысында жағалауға шығатын аралдар. Аралдың шетінде биік емес таулар бар (ең жоғары нүктесі - Карантуил тауы, 1041 м) және шоқы (ең үлкені солтүстік-шығысында Антрим).

Аралдың тектоникалық картасы
1 — Тақта тектоникасы (терең жарылым)
Палеозойлық қатпарлы аймақтар
С0 — каледондық — кембрийге дейінгі құрылымдарының шоқылары
С — каледониялық қатпарлы құрылымдар (Pz1)
С3 — тау аралық шұңғыма (Pz2-3)
H2 — герциндік құрылымдардың жоғарғы қабаты (Pz2, кейде С3 дейін)
Кайнозой (альпілік) қатпарлы аймақтар
Аэ — Кайнозойлық эффузиялар

Гидрология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аралда көптеген өзендер (ең бастысы - Шаннон, басқа да маңыздылары - Ли, Блэкуотер, Шур, Нор, Эрн, Банн, Бойн), көлдер (Лох-Ней, Лох-Дерг, Лох-Маск, Килларни және басқалары) мен сорлар (әсіресе орталықта) бар. Ирландияда батыстан шығысқа қарай бірнеше каналдар кесіп өтеді (Гранд каналы, Ройал каналы, Ульстендік, Логандық және т.б.). Жылы батыс желдер басым. Климат қалыпты мұхитты, ылғалды; қысы жұмсақ, жазда салқын. Климаттың жұмсақтығының арқасында Ирландия жыл бойы көгал болады, сол үшін Зүбаржатты арал деп аталады.

Ирландияның жануар мен өсімдік әлемі б.з.б. 10-мыңжылдықта өткен мұз дәуірінің соңынан бірден аралдың қалыптасуына байланысты Британ аралдарының қалған бөлігі және Еуропамен салыстырғанда бай емес.

Ирландия флорасы салыстырмалы түрде кедей. Жалпы алғанда, Ирландияның флорасы Еуропада кездесетін көптеген өсімдіктерге ұқсас, бірақ әртүрлі емес. Аралда шамамен 1300 түрлі өсімдіктер өседі, олардың ішінде - солтүстік және субтропикалық түрлер. Бұл Гольфстрим құрған Ирландия климатына байланысты. Мұнда емен, шаған, қайың, қандыағаш, талдар сияқты ағаштарды кездестіре аласыз. XVII ғасырда елдің көбін табиғи ормандар басып жатқан, бірақ қазіргі уақытта Ирландияның ормандары көбінесе аралдың орталығында және шығысында орналасқан және аумақтың 10% -дан аспайды. Сондай-ақ жасанды көшеттер - көбінесе қылқан жапырақты ормандар бар. Елдің шамамен 20% бұл шымтезекті сор. Елдің қалған аумағы - далалар мен шалғындар.

Баррен қорығында мұз дәуірінен сақталған арктиклық-альпілік аймақ түрлері таралып келеді. Бұл қорықта бұлдырық отын, қанқызыл гүлді қазтамақты, түкті шегіргүлді, бұта курилшайын және тіпті сүйсіндерді кездестіруге болады.

Килларни ұлттық паркінде қайталанбас тиссті ормандар, сондай-ақ кәрі емен ағаштары бар. Килларниде бүлдірген ағашы, килларний қырыққұлағы, Әулие Патрик қырыққабаты, ирландық сүттіген және пингикула грандифлора бар.

Ирландияның жануарлар әлемі Ұлыбритания мен құрлықтық Еуропаға қарағанда әлдеқайда кедей. Ирландияда бауырымен жорғалаушылардың және амфибиялардың (айта кететіні бірде-бір жылан жоқ) 4 түрі, сүтқоректілердің 22 түрі және балықтың 10 түрі бар. Ирландия жағалауында сетінек, скумбрия, майшабақ, камбала және сардина мекендейді.

Жануарлардың сирек түрлері Ирландия ұлттық парктерінде, әсіресе, Килларни қорығында кермарал, орман тышқандары, қарағай сусарлары, қызыл тиіндері, борсықтар және түлкілер ұсынылған. Сондай-ақ мұнда 140-тан астам құстардың түрлері (Ирландияның аумағында барлығы 380 түр бар) - мысалы ақмаңдайлы қаз, лашын, қара сайрақ, тентекқұс, қызылтұмсық шауқарға және басқа су, орман, тау және көкбұталы құстар кездеседі. Балықтардан албырт пен арктикалық даватчан кездеседі. Тағы мұнда ирландық көлдік финта өте сирек кездеседі. Жәндіктерден солтүстік инелігі, мамыр және тас шыбындары мекендейді.

Аралдағы халық тығыздығының картасы, 2002 жыл

Алғашқы қоныстанушылар аралға шамамен 12 500 жыл бұрын қоныстанды.

Аралдың көп бөлігін (аумақтың алтыдан бес бөлігін) Ирландия Республикасы мемлекеті алады. Аралдың солтүстік-шығысында Біріккен Королдік Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрамына кіретін Солтүстік Ирландия орналасқан.

Аралдың тұрғындары (екі бөлікте) 6 399 105 адам (2011), олардың көпшілігі шығыс жағалауында тұрады. Ең маңызды қалалар - Дублин және Белфаст.

Ирландия Республикасының халқы көбінесе кельттер болып табылады. 2006 жылғы жалпы санақ бойынша, бұл 4,24 млн. адамды құрайды. Ұлттық азшылықтардың саны 420 мың адам, яғни 10 пайызды құрайды. 275,8 мыңы - Еуроодақ елдерінен келген иммигранттар (Польша, Латвия, Литва, Румыния); қалғаны - Ресей, Қытай, Украина, Белоруссия, Пәкістан, Филиппин, Нигерия және т.б.

1840 жылдардан бастап, қазіргі кезде Ирландия Республикасына кіретін тұрғындар аймағының халық саны 6,5 миллионға жетті және 1970-жылдарға дейін халықтың тұрақты түрде төмендеуі байқалды - негізінен эмиграцияның жоғары деңгейінен. 1980 жылдардағы халықтың жыл сайынғы өсуі тек 0,5% құрады, ал 2000 жылға қарай өсу қарқыны 0,41%-ға дейін төмендеді.

Шамамен халқының 58%-ы қалаларда тұрады.

Солтүстік Ирландия халқының этникалық құрамы әртекті: мұнда Ирландия аралының байырғы тұрғындары шамамен 500 мың адам - ирланд-католиктері және шамамен 1 млн. ағылшын-ирланд және шотланд-ирландықтар. Көпшілігі британдық мәдениет пен дәстүрге негізделген - протестанттар. Олар британдық тәжбен конституциялық байланыстарды сақтауға ұмтылады. Солтүстік Ирландия халқының қалған бөлігі мәдениет пен тарих жағынан католик және ирланд болып табылады. Халықтың бұл бөлігі Ирландия Республикасымен одақты қолдайды.

Осылайша, Солтүстік Ирландияда дін мен мәдениетте ерекшеленетін және бір-біріне өте сақтықпен қарайтын адамдардың тарихи үш тобы құрылды.

Солтүстік Ирландияның шығыс аудандары Шотландиядан келген қоныс аударушылар - пресвитериандар, орталық және солтүстік провинцияларды Англикан шіркеуіне тиесілі ағылшындар орналасты, ал діни сенімі жағынан католиктер, қалған жергілікті тұрғындар - ирландықтар батыс және Ирландияға шекаралас аймақтарында өмір сүрді.

2001 жылы дінге жатқызылған социологиялық зерттеуге сәйкес, Солтүстік Ирландия халқының 53% өзін протестанттарға, 44%-ы католиктерге, ал халықтың 3%-ы атеист немесе басқа дінді ұстанымдарға жатқызды.

Айта кететін жайт ол, протестанттық дін өкілдері католик өкілдерінен әлдеқайда үлкен. Егер 65 жастағы жас тобын қарастырсақ, протестанттар 17%, ал католиктер - 10%-ын құрайды. Жастарды алсақ, 16 жасқа дейінгі топта 27% католик, ал 20% ғана протестант болып табылады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]