Иосиф Бенционович Коган

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Иосиф Бенционович Коган (2.10. 1920, Молдова, Кишинев қаласы - 30.12. 1982, Алматы) - концертмейстер, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1966).

Кишиневтегі жеке меншік "Униря" консерваториясын (1939), Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) сырттай (1954) бітірген. 1940 - 42 жылдары Молдаван филармониясының симфониялық оркестрінің скрипкашысы және концертмейстері қызметін атқарды. 1942 жылдан Қазақ филармониясының солисі. 1954 - 82 жылдары Алматы консерваториясында оқытушы болды (1967 жылдан доцент).

Коган Қазақстанның скрипка ойнау мектебінің қалыптасуына, музыкатану саласына елеулі үлес қосты. Оның "Қазақстанның музыка өнері" (1975), "Қазақстан скрипка өнерінің дамуы" (1978), "Қазақ музыка тақырыбына арналған скрипкалық пьесалар жинағы" (1978), т.б. еңбектері бар. Ол скрипкашы ретінде жеке концерттер берді.

1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен еліміздің көптеген қалаларында өнер көрсетті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8