Илоктар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Илоктар (өзд. атауы – илоко, илокан) – Филиппинде тұратын халық.

Илоктар ертеден Лусон аралын мекендеп, кейін Кагаян өзенінің бойына және Минданао аралына тарап қоныстанды. Ондағы пангасинан, ибанаг, самбал халықтарының бір бөлігі илоктармен араласып кеткен.

Жалпы саны – 7,2 млн. адам (1995). Антропологиялық жағынан оңтүстік-азиялық өтпелі нәсілге жатады. Австронезия тілдері шоғыры илокано-филиппин тобына жататын тілде сөйлейді. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Халықтың едәуір бөлігі – қалалықтар. Тұрғын үйлері – бағаналы тіреуі бар төрт қырлы шатырмен жапқан үш-төрт бөлмелі үйлер. Ұлттық киімдері: ерлер тар шалбар, басына пальма мен шиден өріп жасалған қалпақ киеді. Әйелдер саронга мен кең, қысқа жеңді кофта киеді. Ұлттық тағамдары – күріш, көкөніс пен балық.

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі кәсіптері – суармалы егін шаруашылығы. Күріш, жүгері, батат, темекі, қант қамысын егеді. Буйвол мен шошқа өсіреді. Мақта матадан әр алуан суретпен әшекейленген жамылғы, түкті орамал тігу, зергерлік кәсібі дамыған.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том