Ивановский белок
Ивановский белок тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Биіктігі |
2099 м |
Орналасуы | |
50°17′09″ с. е. 83°41′23″ ш. б. / 50.28583° с. е. 83.68972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°17′09″ с. е. 83°41′23″ ш. б. / 50.28583° с. е. 83.68972° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігі аумағында |
| |
|
Ивановский белок – Иванов жотасының орта бөлігіндегі тау.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігі аумағына қарасты жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2099 м. Үлбі мен Громотуха суайрығында.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрылымы құмтас, әктас, кристалдық тау жыныстарынан түзілген.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тау ендік бағытта созылып жатыр. Солтүстік беткейінен Үлбі өзенінің көптеген салалары бастау алады. Оңтүстік беткейінде Россыпной белок, Проходной белок жоталарымен шектеседі.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тауалды күңгірт қоңыр топырағында далаға тән өсімдіктер тараған. Жоғарғы белдеуде шырша, қарағай, қайың, көктерек аралас орман өседі. Етегі – шөбі шүйгін жайылым.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9