Зәйтүн тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Зәйтүндер
Зәйтүн (Olea europaea)
Зәйтүн (Olea europaea)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Oleaceae
Hoffmanns. & Link
Тайпалары

Зәйтүн тұқымдасы (лат. Oleaceae) – қос жарнақты өсімдіктер.

Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтар мен қоңыржай белдеулерде, Оңтүстік-шығыс Азия мен Австралияда өсетін 30-дай туысы, 600-ге жуық түрі бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында шаған және сирень туыстары (6 түрі) кездеседі. Бұлардың биіктігі 2 – 30 м-дей (түрлеріне қарай). Тегіс жиекті, күрделі жапырақтары, негізінен, тақ қауырсынды болады да өркенге қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос жынысты болғанымен аталық, аналық гүлдері бөлек дамиды. Аталығы да, аналығы да екеуден. Тостағанша жапырақтары – 4, күлтелері бір-бірімен біріккен, түтікше тәрізді. Кейбір түрлерінде тостағанша, күлте жапырақшалары болмайды. Жемісі – қос жақтаулы қауашақ, жидек, сүйекше. Зәйтүн тұқымдасына жататын өсімдіктердің ішінде зәйтүн ағашынан зәйтүн майы, жасминнен (ақгүлден) эфир майлары алынады. Шағанның сүрегі үй жиһаздарын жасауға, құрылыс материалы ретінде қолданылады. Сиреннің, жасминнің, шағанның көп түрлері саябақтарда, гүлзарларда және көшелерде әсемдік үшін өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім