Заһар
Заһар - (араб. oBӨЉ) – мұсылмандық құқықтағы жазалануға тиіс теріс қылықтардың бірі, ерінің тарапынан әйеліне айтылған зілді, ғайбат сөз. Әйел тарапынан айтылған ғайбат сөз заһарға жатпайды. Шариғат заңы бойынша, Заһар сөздерді айтуға тыйым салынған. Ғайбат сөздерді айтушы ері – мұзаҺар, ғайбат сөздер айтылған әйелі – мұзаҺира деп аталады. Ерін Заһар айтты деп сот алдында айыптау үшін мынадай шарттар талап етіледі: әйел Заһардың айтылғанын екі куәмен дәлелдейді; Заһар сөздерді айтушы кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, өзіне-өзі иелік ететіндей адам болуға тиіс; Заһар айтылған әйел некелі, ерімен бірге тұрған, қайыз бен нифастан тазаланған болуы керек. Заһар айтқан ері кәфарат беріп, күнәсін сатып алғанша, әйеліне жақындасуға құқығы жоқ. Заһар үшін кәфаратты діни сот белгілейді. Оның мөлшері: 2 ай ораза тұту, құлды не күңді азат ету, шамасына қарай садақа үлестіру, 60 адамды тамақтандыру. Ері кәфаратты төлемеген жағдайда, әйелі белгіленген мерзімнен соң ажырасуды талап етуге құқылы. Ажырасқанда кәфарат айыбы төленбейді. Айтылған Заһар үшін кәфарат төленгенге дейін әйеліне жақындасса (сүйсе де, құшақтаса да), ері бірінші кәфараттан басқа тағы бір кәфарат беруге міндетті. Егер бірнеше әйелі болып, оның бәріне Заһар айтса немесе әйеліне Заһар сөзін бірнеше рет қайталап айтса, сонша рет кәфарат талап етіледі. Заһар айтқаннан бастап, кәфаратын беріп құтылғанға дейін әйеліне жақындасу қылмыс деп саналып, жазаланады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |