Замбия Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Замбия Ұлттық футбол құрамасы
Лақап аты

Chipolopolo (Медные пули)

Конфедерация

КАФ

Федерация

Замбия Футбол Қауымдастығы

Бас бапкері

Уэдсон Ньиренда

Капитаны

Рейнфорд Калаба

Ең көп
ойын саны

Дэвид Чабала (120)

Үздік
бомбардир

Годфри Читалу (76)

Үй стадионы

Леви Мванаваса

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Оңтүстік Родезия 0:4 Солтүстік Родезия
(Оңтүстік Родезия; 1946)

Замбия 10:0 Джибути
(Замбия; 3 қыркүйек, 2006)

Конго ДР 10:1 Замбия
(ДР Конго; 22 қараша, 1969)
Бельгия 9:0 Замбия
(Бельгия; 3 маусым, 1994)

Замбия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Замбияның намысын қорғайтын құрама. КАФ және ФИФА мүшесі. 2012 жылғы Африка чемпионы. Басқарушы орган - Замбия Футбол Қауымдастығы.

Солтүстік Родезия Футбол Федерациясы 1929 жылы құрылған. 1964 жылы тәуелсіздік алған соң Замбия Футбол Қауымдастығы құрылды. Осылайша құрама енді Замбия деген атаумен сынға түсе бастады. Әзірше әлем чемпионатына қатысудың мүмкіндігі болмай келе жатыр. Құраманың ең жоғарғы табысы - 2012 жылғы Африка Ұлттар Кубогындағы алтын жүлде.

Құрама тарихындағы ең қаралы дата - 1993 жылғы 27 сәуір. Buffalo DHC-5D (AF-319) әскери ұшағымен құрама мүшелері Сенегал құрамасымен кездесуге ұшып бара жатып, Габон жағалауына жақын жерде апатқа ұшырайды. Ұшақтағы 30 адам түгелдей көз жұмған. Оның 18-і Замбия құрамасының ойыншылары еді.

Апаттан соң қүрама әлсіреудің орнына күшейе түсті. 1994 жылы Африка кубогында күміс жүлде, 1996 жылы қола жүлде еншілейді. Бірақ осыдан соң 14 жыл бойы топтық турнирден өте алмаған. 2010 жылы ширек финалда Нигерияға жол берді. Есесіне екі жылдан соң Қара Құрлық бұлардың мықтылығын мойындады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Африка Ұлттар кубогы

  • Чемпион: 2012
  • 2-орын: 1974, 1994

КОСАФА кубогы

  • Чемпион: 1997, 1998, 2006, 2013
  • 2-орын: 2004, 2005, 2007, 2009

КЕСАФА кубогы

  • Чемпион: 1984, 1991
  • 2-орын: 1976, 1977, 1978, 1988, 2006

Атақты футболшылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Калуша Бвалиа
  • Джейкоб Муленга
  • Кристофер Катонго
  • Лубамбо Мусонда
  • Эммануэль Маюка
  • Кеннеди Мвеене
  • Элиджа Тана
  • Чисамба Лунгу

қазан, 2015

Футболшы Туған күні Ойын Гол Клуб
Қақпашылар
Кеннеди Мвеене 11 желтоқсан 1984 106 0 Оңтүстік Африка Республикасы Мамелоди Сандаунз
Джейкоб Банда 11 ақпан 1988 18 0 Замбия ЗЕСКО Юнайтед
Денни Муньяо 21 қаңтар 1987 15 0 Замбия Ред Эрроуз
Қорғаушылар
Стоппила Сунзу 22 маусым 1989 56 4 Ресей Арсенал (Тула)
Эммануэль Мбола 10 мамыр 1993 54 0 Израиль Хапоэль (Раанана)
Дэвис Нкаусу 1 қаңтар 1986 33 0 Оңтүстік Африка Республикасы Фри Стэйт Старс
Кристофер Мунтали 4 сәуір 1994 30 2 Замбия Пауэр Дайнамоз
Кабасо Чонго 11 ақпан 1992 22 1 Конго Демократиялық Республикасы ТП Мазембе
Фексон Капумбу 6 қазан 1990 12 0 Замбия Занако
Донашано Малама 1 шілде 1987 12 0 Замбия Нкана
Аарон Катебе 24 қаңтар 1992 9 2 Марокко Магреб Атлетик Тетуан
Жартылай қорғаушылар
Рейнфорд Калаба 14 тамыз 1986 93 12 Конго Демократиялық Республикасы ТП Мазембе
Натан Синкала 23 сәуір 1991 41 3 Конго Демократиялық Республикасы ТП Мазембе
Чисамба Лунгу 31 қаңтар 1991 40 0 Түркия Аланьяспор
Кондвани Мтонга 14 маусым 1986 32 1 Замбия ЗЕСКО Юнайтед
Кеннеди Муденда 13 қаңтар 1988 28 1 Замбия Пауэр Дайнамоз
Мукука Муленга 6 шілде 1993 25 1 Оңтүстік Африка Республикасы Мпумаланга Блэк Эйсиз
Аллан Мукука 18 сәуір 1984 19 3 Оңтүстік Африка Республикасы АмаЗулу
Лубамбо Мусонда 5 мамыр 1995 12 2 Армения Гандзасар (Капан)
Шабуылшылар
Эммануэль Маюка 21 қараша 1990 60 12 еркін агент
Гивен Сингулума 19 шілде 1986 34 6 Конго Демократиялық Республикасы ТП Мазембе
Эванс Кангва 21 маусым 1994 18 4 Ресей Арсенал (Тула)
Борнвелл Мвапе 30 қыркүйек 1991 17 6 Оңтүстік Африка Республикасы АмаЗулу

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]