Замана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Замана - мұсылмандық құқықтағы кепілдік түрі, қарыз алушы қарыз берушіге қарызын уақтылы қайтара алмаған жағдайда қарыздар кісінің жауапкершілігін басқа біреудің өз мойнына алып, төлеуге міндеттенуі. Замана кепілдігі қарыз алушының өтініші бойынша беріледі және мұндай кепілдікті беру қарыз алушыға жаны ашығандықты білдіреді. Заманада кепілдік беруші мен қарыз берушінің өзара келісімі болуы шарт (қарыздар кісінің келісуі шарт емес), бұл орайда қарыз беруші қарызын дер кезінде қайтарып ала алмаса, кепілдік берушіге өтініш жасайды (қарыздар кісіні іздеп әуреленбейді). Замана кепілдігі келісіміне қатысушыларды қарыз беруші, қарыз алушы және кепілдік беруші деп атайды. Келісім жазбаша жасалады. Келісімге қатысушылардан ақыл-есінің бүтін, жеке басының азат және мүлікті иеленуге құқығы болуы талап етіледі. Кепілдік тек заңды мүлік пен келісімге ғана беріледі. Кепілдік беруші қарыз берушіге кепілдік мерзімі өткен күннен бастап жауап береді. Кепілдік міндеттеме қарыз өтелісімен тоқтатылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 2 бөлім