Жәнібекшалқар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жәнібекшалқар
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі327 м
Өлшемі7,5 × 6,3 км
Ауданы19,1 км²
Жағалау сызығының ұзындығы26,2 км
Су алабы
Құятын өзенНұра
Орналасуы
50°35′31″ с. е. 70°16′52″ ш. б. / 50.59194° с. е. 70.28111° ш. б. / 50.59194; 70.28111 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°35′31″ с. е. 70°16′52″ ш. б. / 50.59194° с. е. 70.28111° ш. б. / 50.59194; 70.28111 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданҚорғалжын ауданы
Жәнібекшалқар (Қазақстан)
Жәнібекшалқар
Жәнібекшалқар (Ақмола облысы)
Жәнібекшалқар

ЖәнібекшалқарАқмола облысы Қорғалжын ауданындағы көл. Қорғалжын ауылынан оңтүстікке қарай 16 км жерде, теңіз деңгейінен 327 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 19,1 км2 (суы мол жылдары 21,5 км2-ге дейін ұлғаяды). Ұзындығы 7,5 км, енді жері 6,3 км. Жағалау бойының ұзындығы 26,2 км. Көлге Нұра өзені құйып, ағып шығады. Батыс, солтүстік және шығыс жағалаулары жайпақ, оңтүстігі тіктеу. Солтүстік-шығысында ұзындығы 1,5 км, енді жері 1,2 километр болатын түбек орналасқан. Көл табаны лайлы. Көл, негізінен, Нұра өзенінің суымен, қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланады. Суында мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан және аққайран тіршілік етеді. Су құстары (қаз, үйрек) ұя салады. Солтүстік жағалауында қамыс, құрақ өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5