Жәмилә Алмасқызы Стеһликова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жәмилә Алмасқызы Стеһликова Жасылшылдар партиясының өлкелік маслихатында, 2007 жыл
Жәмилә Стеһликова

Жәмилә Алмасқызы Стеһликова (чех. Džamila Stehlíková, 6 ақпан, 1962, Алматы) — Чехия Республикасы Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі. Чехия Жасылшыл партиясының белсенді қайраткері. Медицина ғылымдарының докторы.

…Мен үшiн Қазақстандағы Қарақұрым деген шағын ауылдың маңызы өте ерекше. Қарақұрымда менiң атам, яғни әкемнiң әкесi тұрған. Сондықтан, алдымен, атамекен дегенде менiң есiме әрқашан жиi түсетiн жер өзiм туып-өскен әсем де сүйiктi қала Алматы емес, алдымен, Қарақұрым ауылы көз алдыма елестейдi. Мiне, сол ауылда өз құрбы-достарыммен қырларға шығып, өзенге шомылып, атқа мiнiп сайрандап жүрген кездерiмдi аңсаймын. Менiң қазiргi тiршiлiк-өмiрлiк жолым мiне, сол Қарақұрымнан бастау алады.

— «Дала мен Қала»: Қазақ қызы Жәмилә — Чехия министрi, 2007 ж. қаңтардың 26.

  • 1986 жылы Мәскеудегі Бірінші медициналық инстититутының 1-ші емдеу факультетінде білім алып бітірді.
  • 1985—87 жж. сол институттың психиатрия кафедрасында ғылыми қызметкері және сабақ беруші міндеттерін атқарды.
  • 1987 ж. Прага қаласында аспирантурада.
  • 1989 ж. ақпан — 1992 тамыз Хомутов қаласында белді дәрігер-психиатр болып істеді.
  • 1992—97 жж. Прага халық денсаулық сақтандыру орталдығында және Мемлекеттік денсаулық институтында ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
  • 1998—2006 жж. Хомутов қаласында психиатрия саласында жекеше дәргерлік әрекетпен айналысуда. Университетте сабақ беру, ғылыми жұмыс.

Саяси қарекеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Саяси мансабын доктор Стеһликова 1998 жылы Хомутов қаласы Уәкілдігінің (маслихат) мүшесі болып бастады.
  • Соңғы екі сайлауда Хомутов қалалық ратушасының (әкімдік) мүшесі болды
  • 2006 жылғы жергілікті уәкілдіктер сайлаудан бері Хомутов уәкілдігінің Шағын ұлттар жөніндегі комиссиясын басқарды.
  • 2006 жылғы Сенат сайлауындағы 5-ші сайлау аймақта (Хомутов) жеңіліп қалды (7-ші орын, 3,67 % дауыс). * Жасылшылдар партиясының қалалық төрайымы, өлкелік ұйымының төрайымы және партияның бүкілреспубликалық кеңес мүшесі жетелерін атқарды.
  • 2001 жылы «Relikty» деген қоғамдық ұйымның құрылтайшысы болып «Paměti Krušnohoří» деген жоба бастады. Бұл Солтүстік-Батыс Чехия өңіріндегі чех пен неміс ұлттары ішіндегі ескі тұрғындарды картада белгіледі.
  • 2007 ж. қаңтардың 9 - 2009ж. - Чехия республикасы Үкіметі премьер-министрі Мирек Тополанектің (Mirek Topolánek) 2-ші кабинетінде Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі болып тағайындалды.
  • 1988 жылғы қаңтарында Милослав Стеһлик (Miloslav Stehlík) деген чех жігітімен үйленіп, сол кездегі Чехословакияда көмір кені бар Хомутов қаласында тұрақты қоныста қалды.
  • 1992 ж. ақпанның 17 Чехословакия азаматтығын қабылдады.
  • 1997 жылы Стеһликпен ажырасады.
  • Екі баласы бар: қызы Камила (1988), ұлы Асан (1994).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Džamila Stehlíková