Жұқа қабырғалы құралымдар
Жұқа қабырғалы құралымдар – бір өлшемі (қалыңдығы) басқа екі өлшеміне (ұзындығы мен еніне) қарағанда өте аз болып келетін құрылыстық құралымдар. Оларға жұқа қабықтар, күмбездер, тегіс және қырлы тақталар, т.б. жатады. Басқа құралымдармен салыстырғанда бұлар жеңіл әрі берік және материал шығыны жағынан үнемді болып келеді. Жұқа қабырғалы құралымдар өндірістік, азаматтық, ауыл шаруашылық және әр түрлі қоғамдық ғимараттар төбесін және қабат аралықтарын жабуға, сондай-ақ инжиенер құрылыстар (бункерлер, сүрлем шұңқырлары, резервуарлар, т.б.) тұрғызуға қолданылады. Жұқа қабырғалы құралымдарды жасау үшін металл, темір-бетон, қабатталған пластик, т.б. материалдар пайдаланылады. [1]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|