Жүндес мамонт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жүндес мамонт
Қазбалық ауқымы: Плейстоцен - Recent, 0.15–0 Ma
Жүндес мамонт қаңқасы
Жүндес мамонт қаңқасы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Еттұмсықтылар
Тұқымдасы: Пілдер
Тегі: Mammuthus
Түрі: M. primigenius
Екі-есімді атауы
Mammuthus primigenius
(Blumenbach, 1799)
Синонимдері

Elephas primigenius
(Blumenbach, 1799)

Жүндес мамонт (лат. Mammuthus primigenius) — пілдер тұқымдасының мамонттар туысына жататын жойылған түрі.

Антропоген кезеңінің плейстоцен дәуірінің 2-жартысында Еуропа, Солтүстік Азия, Солтүстік Америкада тіршілік еткен. Туыстық жағынан азия піліне жақын. Қазіргі пілдерге қарағанда денесі ірі (аталықтарының биіктігі 3,5 м, салм. 5 — 6 т шамасында болған), әсіресе, алдыңғы жауырын тұстары өте үлкен, әрі биік, сирағы мен құйрығы қысқа, жүндері ұзын, ішкі жағына қарай иілген, үстіңгі жақ сүйегіндегі екі күрек тістері (ірілерінде ұзындығы 4 — 4,5 м-ге, диаметрі 18 — 19 см-ге, салмағы 100 кг-ға жеткен) болған. Жақ сүйектеріндегі тістері бір-бірден, үлкен, жалпақ, эмаль қабаттарынан тұрған. Мамонт қаңқасы мамандардың есептеуінше 123 ірі-ірі сүйектерден құралады. Негізінен ашық аймақтарда, тундрада тіршілік етіп, шөптесін өсімдіктермен, бұталармен (күніне 300 — 400 кг-дай) қоректенген. Көбіне 12 — 15 М. бірігіп тіршілік еткен. Сібір аймақтарының көп жылғы мұзды тоң қабаттарында осы кезге дейін бұзылмай сақталған денелері (жұмсақ тіндерімен, терісімен және жүнімен қоса) табылған. Қазақстанда Мамонттың сүйектері солт. аймақтарда жиі кездеседі. Сондай-ақ олар Қаратаудан, Тараз қаласының маңынан, Арал теңізі маңынан, Жетісудан, Батыс Қазақстан облысы аумағынан көп ұшырасқан. Мамонттар плейстоценнің соңында құрып кеткен. Оның негізгі себептері ауа райындағы өзгерістер мен адамдардың аңшылық әрекеті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том