Жітіқара алтын кен орны
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жітіқара алтын кен орны | |
52°10′10″ с. е. 61°19′28″ ш. б. / 52.16944° с. е. 61.32444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°10′10″ с. е. 61°19′28″ ш. б. / 52.16944° с. е. 61.32444° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қостанай облысы |
Ашылған уақыты | 1910 жыл |
Статусы | өндірілмейді |
Жітіқара алтын кен орны — Қостанай облысы Жітіқара қаласының маңында орналасқан. Кен орны 1910 жылы ашылған, 1911-1960 жылдары барланып, алтын өндірілді.
Геологиялық құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жітіқара алтын кені бойлық және ендік бағыттағы жарылымдармен қиылған серпентинит, плагиогранит және палеозойдың жанартаулық шөгінді жыныстарының арасында орналасқан. Алтынды желілер серпентинитпен жарылатын ірі тұйық тармақты (апофиз) плагиогранит интрузивтерінің жоғарғы бөліктерінде шоғырланған. Құлау бұрышы 19-65°.
Құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Желілер, негізінен, кварцтан (60 – 95%) және аз мөлшерде анкерит, кальцит және серициттен тұрады. Кен минералдары: пирит, арсенопирит, галенит, сфалерит, халькопирит, саф алтын және күміс. Кен орны қазір уақытша пайдаланылмайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5