Жыртыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қысқаша мәлімет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ЖЫРТЫС – 1) қуаныш кезінде үлестірілетін кәде. Дәстүрлі қазақ қоғамында қуаныш кезіндегі Ж. әйелдер арасында үлестірілетін және солар атқаратын ежелгі ғұрыптардың бірі болған. Негізінен, келін түскенде оның сандығына арнаулы мата салынады. Ол “сандық ашар” жоралғысы кезінде алынып, сол тойға қатысқан әйелдердің бәріне жыртылып таратылады. Қолға тиген Ж. – сыйлы кәде болып есептеледі; 2) қазақ халқының дәстүрлі өлік жөнелту ғұрпында жерлеуге қатысқан еркектерге зират басында үлестірілетін, көлемі бет орамалдай мата бөлігі. Шама-шарқына қарай әр түрлі матадан үлестірген Ж-пен жерлеу рәсіміне қатысушы ер азаматтар бетін сүртіп, марқұмға иман айтады. Қайтыс болған кісі ұзақ жасаған, үбірлі-шүбірлі болса, жұрт Ж-ты оның жасын берсін деп ырымдап алып, қастерлеп ұстайды. Ж. марқұмның тіріде дос-жарандарына, көрші-қолаңдарына артық-ауыс кеткен алым-берімінің өтеуі, қиямет күнінде, о дүниеде қарыз болмас үшін өтем ретінде міндетті түрде берілуі шарт деп саналған. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы