Жусату
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жусату – малды жаймай тынықтыру. Сиыр, қой, ешкі, түйе жусатқан кезде күйіс қайырады. Күйіс қайыру мал жеген шөптің сіңімділігін арттырады. Көбінесе жылқы және семіртетін мал жусатылады. Жыл мезгіліне қарай әр түлікті жусату тәртібі әр түрлі болады. Мысалы, қойды таңсәріден өргізіп, түсте біраз жусатады да, ыстық басылысымен қайта жайып, іңірде, түнде жусатады. Жылқыны іңірде жусатып, түн ортасына дейін жайып, содан соң біраз жусатады да, тағы жайып таң алдында жусатады. Малды жусаған кезде бақылаусыз қалдыруға болмайды. Өйткені қасқыр, т.б. жыртқыштар малдың жусаған кезін аңдиды. [1]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|