Жидек дақылдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
қарақат

Жидек дақылдары — шырынды жидегі бар көп жылдық бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер тобы. Жидек дақылдарына бүлдірген, қарақат, таңқурай, тұшала, мүкжидек, көкжидек, шырғанақ, қожақат (қара бүлдірген), т.б. жатады. Жабайы өсетін Жидек дақылдарынан қызылжидек, мүкжидек, қаражидектердің де маңызы зор. Жидек дақылдарының жемісінде органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар болады. Кейбір Жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара жемісті шетен) дәрілік қасиеттері бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-төртінші жылдары). Жидек дақылдары әр түрлі топырақ-климат жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оларды вегетативтік жолмен көбейтеді. Қазақстанда Жидек дақылдарының көпшілігі қолдан өсіріледі.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том