Жеңіл өнеркәсіп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жеңіл өнеркәсіп — халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.[1]

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп — материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала — мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.[2]

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  2. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы