Жетіқоңыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жетіқоңыр құмы
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі300 м
Ұзындығы65 км
Ені20 км
Ауданы825 км²
Орналасуы
46°46′13″ с. е. 68°20′57″ ш. б. / 46.77028° с. е. 68.34917° ш. б. / 46.77028; 68.34917 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°46′13″ с. е. 68°20′57″ ш. б. / 46.77028° с. е. 68.34917° ш. б. / 46.77028; 68.34917 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҰлытау облысы
ОрналасуыБетпақдаланың батысы
Жетіқоңыр (Қазақстан)
Жетіқоңыр құмы
Жетіқоңыр (Ұлытау облысы)
Жетіқоңыр құмы

ЖетіқоңырБетпақдаланың батысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде, Сарысу өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Теңіз деңгейінен 280 – 300 м биіктікте жатыр. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 65 км-ге созылған, енді жері 20 км, аумағы 825 км2. Жетіқоңырдың жер бедері қырқалы-төбешікті, кейбір жерлерінде шағылдар (биіктігі 10 м-ге дейін) кездеседі. Ежелгі Сарысу өзенінің орта төрттік шөгінділерінен түзілген. Тұщы грунт суы жер бетіне таяу жатыр.

Сортаңды құмды топырағында еркек шөп, теріскен, жусан, жүзгін басым әр түрлі шөптесіндер өскен. Жетіқоңыр өңірі жыл бойына жайылым ретінде пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"