Жетісу (телеарна)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Jetisý
Ел

 Қазақстан

Хабар тарату уақыты

17 сағат

Хабар тарату тілдері

қазақша, орысша

Басқару орталығы

Талдықорған, Балапанов көшесі, 28

Арнаның тақырыптамалары

ақпараттық-танымдық, отбасылық

Хабар таратуын бастады

1999 жыл

Негізін салушы

"Жетісу" ТРК" ЖШС

Иесі

Жетісу облысының әкімдігі

Директоры

Алтынбекұлы Думан

Бұрынғы атаулары

Жетісу

Сайт

zhetysutv.kz

Жетісу телеарнасы — 1999 жылы құрылған Жетісу облысының ақпараттық-танымдық, отбасылық телеарнасы. Талдықорған қаласынан тәулігіне 17 сағат хабар таратады.[1][2]

Хабар тарату аумағы ОTAU TV спутниктік желісі арқылы Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттері, ID-TV кабельдік желісі арқылы Қазақстан, сонымен қатар ALMA-TV мен Қайнар-TV арқылы Алматы облысының аумағы.

Әр түрлі саланы қамтитын 40-тан астам төл бағдарламалары бар. Ал мұрағатында шығармашылық ұжыммен жасалған жүздеген бағдарламалары бар. Қазіргі таңда эфирге әр түрлі бағыттағы 23 бағдарлама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар шығарып таратады.[3][4]

  • 2015 жылы телеарнаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
  • Дәл осы жылы HD (16*9) форматына ауысты. Қазақстанда техникалық мүмкіндіктері бойынша екінші болып саналатын медиа-орталық құрылды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]