Жердегі Жұлдыздар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жердегі Жұлдыздар
Taare Zameen Par
Фильмнің постері
Жанры

драма

Режиссёрі

Аамир Хан

Продюсері

Аамир Хан

Сценарийдің авторы

Амоле Гупте

Басты рөлдерде

Даршил Сафари
Аамир Хан
Тиска Чопра
Випин Шарма
Саше Инженер
Танай Чхеда

Операторы

Сатьяджит Панде

Композиторы

Шанкар–Эхсан–Лой

Кинокомпания

Filmlari
PVR Pictures

Ұзақтығы

164 минут[1]

Бюджеті

₹120 миллион Үндістан рупиясы (1,5 миллион $)

Кассалық түсімі

₹889 миллион Үндістан рупиясы (11,7 миллион $)

Мемлекет

 Үндістан

Тілі

хинди
ағылшын

Шыққан жылы

2007

IMDb

ID 0986264

http://www.taarezameenpar.com/

«Жердегі Жұлдыздар» (хинди तारे ज़मीन पर) — 2007 жылғы үнділік драма фильм, Аамир Ханның режиссерлік дебюті.

Сегізжасар Ишан Авасти бала кезінен басқалардан ерекшеленетін. Ол мектепті ұнатпайды, басқалар еш қиналмастан жасайтын істер оған үлкен қиындықтар алып келеді. Сонымен қатар ол оқи да, жаза да алмайды. Оны ешкім түсіне алмайды. Ол мектепте үлкен қиындықтарға тап болады, оны ата-анасымен қоса бүкіл әлем түсінбегендіктен оған бәрі ұрсатын. Оның қиялы, шығармашылығы мен өнерге деген таланты көбінесе еленбейді немесе байқалмайды. Оның әкесі Нандкишор Авасти ықпалды басшы, жақсы кәсіпкер, ол балаларының өзінің ізімен жүргенін қалайды. Анасы Майя Авасти үй шаруасындағы әйел, Ишанды жақсы оқыту үшін бар күшін жұмсап, үмітін үзді. Ишанның үлкен ағасы Йохан Авасти мектептегі ең үздік оқитын бала, ата-анасының мақтанышы, өзінің інісінің жаман оқитынына қатты ұялады. Ишан ата-анасының шыдамының шегіне жеткен соң, оның қатал әкесі оны мектеп интернатына жібереді. Оның ойынша ол жердені қатал тәртіп, Ишанды бірден түзейді. Ата-анасынан, ағасынан, үйінен жырақтап кеткен Ишан жаңа мектепте табылған жақсы досына қарамастан одан сайын қайғыға түседі. Бірақ, сурет пәнінен беретін жаңа мұғалім Рам Никумбх пайда болған соң барлығы өзгереді. Рам Никумбх Ишаннан дислексия ауруын анықтайды. Рам Никумбх Ишанды түсінетін жалғыз адам болады, өйткені бала кезінде өзіде осы аурумен ауырған болатын. Ол баланы қайғыдан арылту үшін, оқуға және жазуға үйрету үшін жол тауып, балаға үміт сыйлайды.

Актёр Рөлі Сипаты
Даршил Сафари Ишан Авасти Басқа балалардан өзінің ішкі әлемімен, ерекше талантымен, ешкім түсінбейтін сырларымен ерекшеленетін, дислексия ауруымен ауыратын бала.
Аамир Хан Рам Шанкар Никумбх[2] Ишанды түсінетін жалғыз адам, сурет пәнінің мұғалімі, бала кезінде дислексия ауруымен ауырған адам.
Тиска Чопра Майя Авасти[3] Ишанның анасы
Випин Шарма Нандкишор Авасти[4] Ишанның әкесі
Саше Инженер Йохан Авасти ("Дада") Ишанның үлкен ағасы
Танай Чхеда Раджан Дамодаран Интернаттағы оқушы, Ишанның досы.
Шанкар Сачдев мистер Тивари Интернаттағы мұғалім
Бугс Бхаргава мистер Сен Интернаттағы мұғалім
Гуркиртан Чаухан Интернаттағы кезекші
Маарай Кришна Рейна Интернаттың директоры, Раджанның әкесі
Рави Ханвилкар мистер Холкар Интернаттағы сурет пәнінің бірінші мұғалімі.
Мегна Малик Виктория Мұғалім

Барлық әуендер мен әндерді Шанкар-Эхсан-Лой деген Трио композиторлар жазған.

АтауыОрындаушылар Ұзақтығы
1. «Taare Zameen Par» Шанкар Махадеван, Доминик Сережу, Вивьен Поча 7:08
2. «Kholo Kholo» Раман Махадеван 5:01
3. «Bum Bum Bole» Шаан, Аамир Хан, Армаан Малик 5:32
4. «Maa» Шанкар Махадеван 5:14
5. «Bheja Kum» Раман Махадеван, Багс Бхаргава, Шанкар Сачдев, Радж Гопал Айер, Рави Ханвикер, Лой Мендонса, Амоле Гупте, Киран Рао, Аамир Хан, Рам Мадхавни, Хаджи Спрингер 2:07
6. «Jame Raho» Вишал Дадлани 2:59
7. «Mera Jahan» Аднан Сами, Ауриэль Кордо, Ананья Вардкар, Амоле Гупте 6:32
8. «Ishaan's Theme» Шанкар-Эхсан-Лой 4:13
38:45

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. TAARE ZAMEEN PAR (PG) – British Board of Film Classification (17 December 2007).
  2. In 2002, Taare Zameen Par was still called and registered as High Jump. Bollywood Hungama (28 January 2008).
  3. Like Stars on Earth DVD commentary. Event occurs at approximately 16:00
  4. Like Stars on Earth DVD commentary. Event occurs at approximately 40:00