Жаһит Марат Нұрмұханбетұлы
Жаһит Марат Нұрмұханбетұлы (7.11.1944 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) — самбодан Қазақстанның (1978) және КСРО-ның (1986) еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Мектепте шаңғымен, шахматпен шұғылданып, облыстық жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер болды. Студент кезінде (Алматы ауыл шаруашылығы институты) П.Г. Терещенкодан самбо әліппесін үйреніп, Жаһит 1963 жылы республикалық біріншілікте, кейін бүкілодақтық бәсекеде (Грузия, 1966) жүлделі орынға көтерілді. Үш жыл бойы КСРО-ның студенттер құрамасына еніп, есімі әлемге танылған атақты жаттықтырушы А.А. Харлампиевтен тәлім алды. Әскерде жүріп Беларусьтің чемпионы, күміс жүлдегері болды. Оның таланты Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында жаттықтырушылық қызметте жүргенде жан-жақты ашылды. Жаһит тәрбиелеген [Мұсабеков|А.Мұсабеков, Қ.Байшолақов, Т.Байшолақов, С.Жартыбаев, С.Валобуев, А.Махмұтов, Н.Оспанов, А.Жақит, М.Жүнісбеков, Ұ.Ахметов, С.Жақит Қазақстанның, КСРО-ның, Азияның, Еуропаның, дүние жүзінің чемпионаттары және Кубок жолындағы жарыстарда қола, күміс жүлдегер болып, жеңімпаз, чемпион атанды. 20 жыл бойы Қазақстанның, 10 жыл бойы КСРО-ның құрамасын басқарды. Аягөзде және Семейде Жаһит атындағы жүлде үшін самбошылардың жарысы өткізіліп тұрады. “Халықтар достығы” орденімен марапатталған.
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |