Жақсыбек Тілеуұлы Үншібаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жақсыбек Тілеуұлы Үншібаев (14.10.1922, Сәтбаев - 1994) - соғыс және еңбек ардагері. Ұлы Отан соғысына қатыскан.

1941 жылдың желтоқсанында Армия қатарына шақырылды. Воронеж, Степной 2, 3-ші Украина майдандарында болды. Үш рет жараланды. КОКП мүшелігіне майданда қабылданды.

1943 жылы 18 желтоқсанда Кривой Рог қаласы маңындағы 142,2 биіктік үшін қиян-кескі арпалыс болды. Гвардия аға сержанты Үншібаев атуға қажетті мәліметтерді тез әзірлеп, атыс позициясын өзгерту жөнінде команданы мезгілінде беріп, көзге ілінген нысананы құртып отырды. Бұл күні Үншібаевтың расчеты минометпен дәл атып, жүк артқан екі автомашинаны қиратып, жаудың екі взводқа жақын жаяу әскерлерін құртып, қалғандарын тоз-тоз етті.

Немістер біздің полктардың әрі қарай жылжуын бөгемек болып 27 ақпанда өршелене қарсы шабуыл жасады. Олардың жаяу әскерін танктер мен өздігінен жүретін зеңбіректер сүйемелдеді. Гитлершілер екі атқыштар батальонының қосылар жерінен біздің қорғанысымызға сұғынуына мүмкіндік алды. Жау автоматшылары минометшілердің позициясына таянып келіп қалды. Өз жолдастарынан бөлініп қалу қаупі төніп тұрса да, біздің расчет шабуылдаушыларға оқ жаудыруды тоқтатпады. Ерлік пен табандылық жеңіп шықты. Гвардия старшинасы Үншібаевтың омырауына II дәрежелі Даңқ ордені тағылды. Осы ұрыста ол жараланды.

1944 жылы күзде госпитальдан шыққан соң Ж.Т. Үншібаев барлаушылар взводы командирінің көмекшілігіне тағайындалып, талай рет батыл барлаулар жасады.

1945 жылғы 17 ақпанда жау екі сағаттық артиллериялық әзірлік жасағаннан кейін 150 танк пен өздігінен жүретін зеңбіректер сүйемелдеген екі дивизияға жуық жаяу әскерлерімен Будапешттің солтүстік-батысынан шабуылға шықты. Үншібаев бастаған бір топ барлаушылар Грон өзенінен өтетін жерді жауып тұрған Кеменди хуторына аттанды. Гвардияшылар алғы шепке жетісімен-ақ жаудың 30-ға жуық танкі мен екі батальон жаяу әскері оларға қарсы жүрді. Күш тең емес еді. Жақсынбек жауды жақындатып алып, бұлтартпай ұруға бұйрық берді.

Жау екі жүз-үш жүз метр қалғанда барлаушылар оларға пулеметтен оқ жаудырды. Гитлершілдер алдымен жата қалды, содан кейін тайқып кетті. Бұл кезде қираған үйлерді тасалап тұрған гвардиялық танкистер жаудың танктерін атқылады. Гвардия старшинасы Үншібаев бастаған взвод жаудың 200-ге жуық солдаты мен офицерін құртып, 17 гитлершіні қолға түсірді.

Үншібаев майдандағы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылы 16 мамырдағы жарлығымен 1-дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

Даңқ орденінің толық иегері Ж.Т. Үншібаев соғыстан кейін үзақ жылдар Сәтбаев қаласында тұрды. Ленин орденді Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатында азаматтық қорғаныс бойынша аға инженері болып қызмет атқарды.

Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы бодды. Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер, Данқ орденінің толык иегері, Сәтбаев қаалсының құрметті азаматы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5