Жарқұлақ алтын кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жарқұлақ алтын кен орны
42°24′11″ с. е. 80°08′22″ ш. б. / 42.40306° с. е. 80.13944° ш. б. / 42.40306; 80.13944 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°24′11″ с. е. 80°08′22″ ш. б. / 42.40306° с. е. 80.13944° ш. б. / 42.40306; 80.13944 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАлматы облысы
Ашылған уақыты1939 жыл
Кен орнының түрікварцты желілі
Статусыөндірілуде
Жарқұлақ алтын кен орны (Қазақстан)
Жарқұлақ алтын кен орны
Жарқұлақ алтын кен орны (Алматы облысы)
Жарқұлақ алтын кен орны

Жарқұлақ алтын кен орныАлматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылынан оңтүстікке қарай 65 км қашықтықта орналасқан. Кен орны 1939 жылы ашылып, 1940-1954 жылдары барлау жұмыстары жүргізілген.

Жатыс сипаты, геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарқұлақ алтын кен орны Жарқұлақ-Дөңарша алтын кентасты белдемінде орналасқан. Кентас аз сульфидті, кварц-желілі метаморфогендік формацияға жатады. Алтын кембрий базальтоидтары ортасындағы ендік бағытта созыла орналасқан кварц желілерінде шоғырланған. Кен түзілу орталығы Тянь-Шаньдағы герцин гранитоидты магматизмінің екі фазасымен байланысты. Жарқұлақ алтын кен орнын “Маралды голд” кәсіпорны игеруде (2000).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5