Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жанғазы Әкімұлы Молдағалиев(7.6.1917, Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Бестамақ ауылы - 23.10.1943, Украина, Днепропетровск облысы, Чернопаровка дер.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Кеңес Одағының батыры, рота командирі, гвардия лейтенанты, қазақ.

Соғысқа дейін аудан кеңес атқару комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1938 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, З-Украина майданы 8-гвардиялық армия 39-гвардиялық атқыштар дивизиясы 120-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград, Воронеж, Дон мен Днепр үшін болған ұрыстарда взвод, рота басқарған. 1943 жылы 23 қазанға қараған түні Молдағалиевтің ротасына Днепрден өтіп, плацдармды алу тапсырылды. Рота жауынгерлері Елизарово селосын жаудан азат етіп, жаудың 100-ден астам әскері мен офицерін жойып, 25 әскерін тұтқынға алды. Чернопаровка деревнясы тұсындағы жау корғанысының 2-белдеуіне жақын тұрған 167,2-биіктікті басып алуда жау дзотының аузын өз денесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. Молдағалиевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (19.3.1944). Елизарово станциясындағы №1 орта мектепке және Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы,Бестамақ орта мектебіне, Жаңа Семейдегі бір көшеге Молдағалиевтің есімі берілген. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х