Жамбы ату

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жамбы ату - қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Ойын қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Төрешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ биатлоны" өмірге келер еді?...[1]

Жас категориясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарысқа 16 жастан жоғары ерлер адамдар мен әйелдер адамдар бірдей дәрежеде қатыса алады.

Жарыс өткізетін орын мен оның құрал-жабдығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарыс орны жергілікті жағдайға байланысты таңдап алынады. Жамбы атудан ірі жарыстар ипподромдарда өткізіледі. Жарыс өткізілетін алаңның көлемі 50х200 метрден кем болмауы тиіс. Нысана мылтықпен немесе садақпен көзделеді. Мәреден сөреге дейінгі жолдың ұзындығы 150 метр, ені 5 метр. Нысананың мөлшері 50х60 см, жерден биіктігі 3-4 м. Нысананы жалаушалармен қойған белдеудің кез келген жеріне атуға болады. Ату сызығының нысанаға дейінгі аралығы 15-20 м болуы тиіс. Мәреден сөреге дейінгі уақыт есепке алынып отырады.

Жарыс өткізу шарттары мен тәртібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарысқа қатысушылардың жанында болатын төрешінің шақыруымен қолында қаруы бар салт атты мәре басталатын жерге келіп, шабатын жағына қарап тұрады. Дайын болғанда команда беруші төрешінің «алға» деген әмірі бойынша спортшы онша қатты болмағанымен шоқырақтап шаба жөнеледі. Нысананы жалаушалармен белгілегеннен: ұзындығы 40-45 метрлік белдеудің кез келген жерінен тек жүрісті баяулатпай көздеуге болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3