Жаман Ақкөл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жаман Ақкөл
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі115 м
Өлшемі12-13 × 6 км
Ауданы41,2 км²
Орналасуы
48°59′24″ с. е. 63°33′37″ ш. б. / 48.99000° с. е. 63.56028° ш. б. / 48.99000; 63.56028 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°59′24″ с. е. 63°33′37″ ш. б. / 48.99000° с. е. 63.56028° ш. б. / 48.99000; 63.56028 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚостанай облысы
АуданЖангелді ауданы
Жаман Ақкөл (Қазақстан)
Жаман Ақкөл
Жаман Ақкөл (Қостанай облысы)
Жаман Ақкөл

Жаман Ақкөл, Ақкөл — Ұлы Жыланшық өзенінің сағалық алабындағы көл.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде, Торғай қолатының оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 115 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аумағы 41,2 км2, ұзындығы 12-13 км, ені 6 км. Жауын-шашын және Ұлы жыланшықтың жайылма суымен толығады, жазда тартылып сортаңды батпаққа айналады.

Жағалау сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жағасы жайпақ, батпақты, тастақты-құмды, солт.-батысы көтеріңкі, аласа кемерлі келеді. Суы тұзды, қар суы қосылғаннан кейінгі минералдылығы 2,0-3,5 г/л-ге төмендейді, қыс айларында 7 г/л-ге жетеді. Ақбасты өзенінің қосылатын тұсында мал ішуге жарамды. Алабы — көктемгі шабындық, жайылым.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5