Еңбекті нормалау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орнының экономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.[1]

  • Уақыт нормасы - өнім өлшемін жасауға немесе өндірістік бір операцияны анықтауға қажетті минутпен немесе сағатпен белгіленген уақыт.
  • Өнім нормасы – белгілі бір уақыт өлшемі ішінде өндірілуге немесе өнделуге тиіс өнімнің заттық өлшемдерімен (дана, тонна, метр және т.б.) көрсетілген мөлшері.

Уақыт өлшеміне байланысты өнімнің сағаттық, сменалық, ал кейін тіпті айлық нормалары болады. Қызмет көрсету нормасы жұмысшының смена ішінде қанша жабдыққа немесе жұмыс орнына қызмет етуге тиіс екендігін көрсетеді.[2]

1940 жылы

Капиталистік және социалистік өндіріс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Капиталистік және социалистік өндірісте еңбекті нормалаудың мәні мен мақсаты мүлде өзгеше. Капитализм жағдайында қолданылатын еңбекті нормалау тәсілдері еңбекті мейлінше интенсивтендіруге, барынша мол пайда табу үшін жұмысшыларды қанауды күшейтуге бағытталады. В.И.Ленин бұл тәсілдерді «терді сығып алудың ғылыми жүйесі» деп атады. Социалистік қоғамда еңбек шығындарының нормасы жекелеген қызметкерлердің өнемді дайындауға байланысты жиынтық еңбекке қатысу үлесін анықтайды. Еңбекті нормалау өнімділігін арттыруды көтермелей отырып, социалист өндірістің озат техникалық негізінде үздіксіз өсуі мен жетілдірілуіне мүмкіндік береді. Ғылми негізделген нормалар арқылы өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс уақытыының шығынын және осының негізінде қажетті мамандықтарды жұмысшылардың санын дұрыс жоспарлауға, социалистік жарыстың пәрменділігін арттыруға болады. Көптеген жағдайларда бірдей жұмыстар түрліше еңбек құралдарын қолдану арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Сондықтан да сол жұмыстарды орындау кезінде неғұрлым жоғарғы еңбек өнімділігіне жету үшін еңбек құралдарын анағұрлым тиімді пайдалануға, өнімділігі жоғары технология мен еңбекті ұйымдастырудың мейлінше жетілген түрін қолдануға мүмкіндік беретін тәсілдерді жасау қажет болады. Еңбек нормалауды ғылыми тұрғыдан іске асыру еңбек құралдарын жүйелі түрде жүргізуді, жұмыстың озық тәсілдерін зерттеп, таратуды және хронометражды кеңінен қолдану арқылы жұмыс уақытының шығынын зерттеуді керек етеді.[3]

Өндірістік қуаттарын есептеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек шығындарының нормалары жекелеген учаскелердің, цехтардың және тұтас алғанда кәсіпорынының өндірістік қуаттарын есептеу үшін, белгіленген тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін жабдықтың, жұмысшылардың және жалақы қорының қажетті мөлшерін анықтау үшін, бөлшектерді, бұйымдарды әзірлеу мерзімін белгілеу үшін бастапқы деректер болып табылады. Бұл келтірілген есептеулер кәсіпорындардың, цехтардың, учаскелердің өндірістік жоспарын жасаған кезде қажет болады. Демек, жоспар сапасы норма сапасына байланысты. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс практикасында кеңінен қолданылып жүрген тәжірибелік-статистикалық нормалар кәсіпорының көшегі күнін бейнелеп, өндірістің өзгерген жағдайларын, қолдағы бар мүмкіндіктер мен резервтерді онша ескермейді.[4]
Бұл нормалар өндірісті ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді тежеп, еңбек өнімділігін арттыруға ұмтылдыратын стимулдарды әлсіретеді. Жаңа техника мен технологияның енгізілуі, қызметкерлердің мамандығы мен тәжірибесінің артуы нәтижесінде ғылыми негізделген нормалардың өздері ескіруі мүмкін. Сондықтан да уақыт нормаларын, оларды азайту жағына, ал өнім мен қызмет көрсету нормаларын арттыру жолына қарай әлсін-әлсін қайта қарап отырған жөн. Әдетте еңбекті нормалауды бұлайша қайта қарау кәсіпорындарда жаңа техниканы енгізіп, игеруге және ұйымдық-техникалық шараларды жүргізуге байланысты жүзеге асырылады. Озаттардың тәжірибесіне сүйене отырып жасалған еңбек нормалары социалистік өндірісті үздіксіз жетілдіруге мүдделендіреді. Озат нормаларды кеңінен қолдану өндіріс резервтерін толық пайдалануға жұмылдырып, жаңашылардың инициативасын өрістеуге, социалистік еңбек тәртібін нығайтуға мүмкіндік береді.

КОКП 24-съезінің Директиктиваларында әрбір қызметкердің еңбек ақысы оның қоғамдық өндіріске қосатын еңбек үлесіне сай келуі үшін техникалық жағынан негізделген нормаларды қолдану ұлғайтылсын деп атап көрсетілген.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІV том
  2. Сергиев А.В., Техническое нормирование труда в механических целях, М., 1964
  3. Гальцов А.Д.Основы технического нормирования труда на промышленном предприятии, М., 1961
  4. Петроченко П.Ф., Кузнецова К.Е., Организация и нормирование труда в промышленности СССР, [М.], 1971
  5. КОКП XXIV съезінің материалдары, А., 1971