Ефим Ефимович Арон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ефим Ефимович Арон
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

30 желтоқсан 1906 (1906-12-30)

Туған жері

Лудза, Витебск губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

8 қазан 1970 (1970-10-08) (63 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
РКФСР (1917-1922)
Ресей империясы (1906-1917)

Мамандығы

режиссёр
сценарийші

Белсенді жылдары

1937-1966

Ефим Ефимович Арон (1906-1970), кинорежиссер.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944).

1926 ж. Мәскеудегі А. Роомның киношеберханасын бітірген соң, қызметін сол жылы режиссердің көмекшісі ретінде бастады.

Қазақстандағы темір жол құрылысына арналған «Түрксіб» фильмін қойды (1929), сцеранийін А. Мачерет, В. Шкловский, В. Туриндермен бірге жазды. Осыдан бастап оның шығармашылық жолы қазақ киноөнерімен байланысты болды. Арон режиссурамен көркем фильмдер мен деректі киноочерктер түсірді.

1945 ж. Әуезовтің қазақ халқының ұлы ақыны туралы романы негізінде «Абай әні» көркем фильмін қойды (Г. Рошальмен бірге). 1967 ж. осы фильмнің жаңа нұсқасын жасауға қатысты. Бұл туралы, сондай-ақ фильмді алғаш түсірген кезде ұлы жазушының ақыл-кеңесі, көмегі жөнінде «Абай әнінің» жаңа редакциясы» деген мақаласында жан-жақты баяндады («Алма-Атинская кинонеделя», 1967, 11-17 желтоқсан).

Түсірген фильмдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлы Отан соғысы жылдары Әскери киножинақтар (1941-42) шығару жұмысына атсалысты. Бұдан басқа қойған Көркем фильмдері "Абай әні" (1945. Г.Рошальмен бірге), "Алтын мүйіз" (1948), "Ботагөз" (1958), "Асау Ертіс жағасында" (1959), "Еңлікгүл шешек атқан жерде" (1965, Ш.Бейсембаевпен бірге) және документті киноочерктері "Біз металлургтерміз" (1962), "Бәріміз де шекарада сақшымыз" (1962). Арон қойған фильмдер Қазақ халқына тән ұлттық бояу мен тұрмыс көріністері шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді[1].

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталтан[2].

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Режиссер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сценарист ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  2. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.