Ен, ен байлық
Бұдан біз көл-көсір, ағыл-тегіл, мол мағыналарын түсінеміз. «Есенейдің ен дәулеті шалқып т9рған шақта...» (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Аққан жұлдыз) .
Мысалда көрінгендей, «ен» сөзі тек «байлықпен» ғана тіркеспей, басқа да молшылық мағынасын беретін сөздермен де қосылып келе береді екен. Бізге дәл қазір «байлық», «дәулет» сияқты сездердің алдында келетін «ен» тұлғасының алғашқы мағынасын, төркінін табу қажет. Сөз төркінін түркі, әрі кетсе моңғол тобындағы тілдерден табамыз. 1954 жылғы моңғолша-қазақша сөздікте: энх — тыныш, бейбіт, ал 1977 жылғы қазақша-моңғолша сөздікте: энх — дарқан мағыналарында көрінеді.
Осы соңғы «энх» мағынасы жағынан «байлық» сөзімен тіркесуге лайықты. Қазақ тілінде сөздің тек «эн» түбірі, ғана қабылданған. Сонда, ең байлық, ен дәулет деген «дарқан байлық», «дарқан дәулет» тіркестерімен, мағынасы жағынан бара-бар екендігі байқалады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|