Дәулет Мықтыбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дәулет Мықтыбаев (1 қаңтар, 1904, Қорғалжын ауданы - 4 тамыз, 1970, Алматы) – қобызшы.

  • Қобыз тарту өнерін Ықыластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан үйренген. Мықтыбаевтың сазгерлік қырының қалыптасуына қобызшы Түсіпбектің (Ықыластың ұлы) ықпалы көп тиген, одан ол «Кер толғау», «Тоғыз тарау», «Қорқыт» күйлерінің орындалу мәнерін бойына сіңіреді.
  • 1933 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде қызмет істеді.
  • 1937 жылы Қарағанды филармониясының қобызда жеке орындаушысы

Гастрольдік сапарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1934 жылы Алматыда өткен 1-Жалпықазақстандық халық өнерпаздарының слетіне қатысты.

Орындаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ радиосының алтын қорында Мықтыбаевтың орындауындағы

  • «Аққу»
  • «Ерден»
  • «Қазақ»
  • «Жолаушының қоңыр күйі»
  • «Қамбар»
  • «Кертолғау»
  • «Шыңырау»
  • «Жалғыз аяқ»
  • «Сарын»
  • «Сары дала» күйлері сақталған.

Оның қобыз тартудағы өзіндік жаңа тәсілдері оның орындаушылық стилін ерекше әрі қайталанбас деңгейге көтерді. Мықтыбаев ұлттық муз. мұраны, орындаушылық дәстүрлерін насихаттауға және танымал етуге зор үлес қосты.[1]

Дәулеттің әкесі Мықтыбай, оның әкесі Әупік Тыныбекұлы Өксікбайдың қарындасы Маржанға үйленген екен. Мықтыбайдың өзі де Барақ Таманың қызына үйленіпті. Дәулет өзі жайлы әңгіме айтқанда, оның қобызға құмарлығы нағашы жұртынан жұққан екен. Қарауыл мен Өксікбай қобызшы болыпты.[2]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. "Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. 202-бет. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.