Дәрілік шытыра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дәрілік шытыра

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Көкнәрлер тұқымдасы
Тегі: Шытыра (Fumaria)
Түрі: Дәрілік шытыра
Екі-есімді атауы
Fumaria officinalis

Дәрілік шытыра (лат. Fumaria officinalis) - көкнәрлер тұқымдасы шытыра туысына жататын, көлбей өсетін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Биіктігі 15-20 см-ге жетеді.
  • Сабығының іші қуыс, сырты қырлы, түрі жасыл.
  • Жапырақтары кезектесіп орналасқан, екі-үш салалы, қауырсын тәрізді, екі бөлімді.
  • Гүлдерінің түсі қызыл, гүл сабақтары қысқа, бұтақтарының ұшында масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Гүл жапырақшалары төртеу, олар гүл тостағаншасының бөліктерінен 3 есе ұзын болып келеді.
  • Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Ол арамшөптер тәрізді мәдени дақылдардың арасында, бұталары көп жерлерде, бақтардың ішінде кездесе береді.

Құрамы және емдік қасиеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында фумарин, критокрпин, ауротепсин, ащы заттар бар. Халық медицинасында шытыраны кеңінен пайдаланады:

  • Сулы тұнбасын геморрой түйіндерін, бауыр ауруларын, өкпе туберкулезі мен шемен аурруын және сары ауруды емдеу үшін қоланады.
  • Әйелдердің ақ етеккірі келгенде, өт қабынғанда және іш өткенде қолданылған жағдайларда шытырадан жасалған дәрілер аса шипалы болып табылады.
  • Бұл өсімдіктің қақырық түсіреті қасиеті бар. Осыған байланысты бронх қабынғанда да қолдануға болады.
  • Асқазанға жара түскенде, іш желденгенде емдеу үшін пайдаланады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ұнтақталған 15 грамм өсімдікті 300 мл қайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан 3 мезгіл ішеді.
  • Спиртті тұнба: өсімдіктің ұнтақталған 25 грамын 100 мл спиртке салып, 8-10 күн тұндырады да, 30 тамшыдан 1 мезгіл ішеді.
  • Асқазанның қышқылы кемігенде өсімдіктің ұнтақталған 3 шай қасығын 2,5 стақан қайнап тұрған сыраға қосып 10 минут тұндырады да, жарты стақаннан күніне 5 рет ішеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]