Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы Орталығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы Орталығы (ағылш. World Vegetable Center, орыс. Всемирный центр овощеводства) - дамушы мемлекеттердегі кедейлік пен аштықпен күресу, адам ағзасы үшін пайдалы, әрі қоректік көкөністерді өндіру және тұтынуды арттыратын әдістерді құрастыру мен ғылыми зерттеулердің халықаралық коммерциялық емес институты [1].

Орталықтың Бас кеңсесі Тайваньдағы Тайнань қаласында орналасқан, сонымен қатар Бангкокте, Накхонпатхомда Хайдарабадта, Ташкентте, Арушада, Бомакода және Мессада аймақтық кеңселері орналасқан [2].

Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы бойынша Орталық өз қызметін: гермоплазма, селекция, көкөніс өндіру және тұтыну сияқты жаһандық өзекті төрт тақырыпты зерттеу мен дамыту  бойынша жүзеге асырады .

Орталық Оңтүстік‐шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан), Орталық Азия мен Кавказда қоғамдық және жеке меншік секторларының халықаралық және пәнаралық бірлестіктерін ұйымдастырды  [3].

Қазақстанда Дүниежүзілік көкөніс шаруашылығы Орталығымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Ынтымақтастық негізінде көкөніс дақылдарының жаңа 17 сорты шығарылды [4].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]